Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Бері шық дейм…”. Алматыда автобус жүргізушісі соққыға жығылды (видео)

https://www.instagram.com/p/BeFJNYRB6Sn/?taken-by=kris_p_almaty

“Бұл дерек Алматыдағы Алмалы ауданында түстен кейінгі уақытта болған. Бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерден білдік, полицияға ешкім шағымданбады. Полицейлер шара жүргізіп, 1985 жылғы Әбдіназаров деген азаматты анықтап, кейін ұстады. Ол жауапкершілікке тартылды. Оның әрекетінде бірнеше әкімшілік құқықбұзушылық бар”, – делінген ведомство хабарламасында.

“Фигурантқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы (“Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау”); 606-бабы (“Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы”), 612-бабының 2-бөлігі (“Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы”)” бойынша хаттамалар толтырылды. 2017 жылдың мамырында азамат Әбдіназаров жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сот қаулысымен тоғыз айға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды”, – деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал өз кезегінде Алмалы аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі Е.Әбдіназаровқа қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс материалдарын жинады.

“Өндіріс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабында қарастырылған құқықбұзушылық белгілері бойынша қозғалды. Материал Алматы ауданаралық әкімшілік сотына шешім қабылдау үшін жолданады. Айта кетейік, заңнамада бұл құқықбұзушылық жасағандар 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды немесе 10 тәулікке қамалады. Ал құқықбұзушының көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды”, – деді Әзірбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз