Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бердімұхамедов татуировкаға қарсы соғыс бастады — БАҚ шолуы

312

Ұн да, қант та жоқ

Түрікменстанда азық-түлік тапшылығы әлі жалғасып жатыр, деп жазады Азатлык радиосы. Мемлекеттік дүкендер қантты бір қолға бір килограмнан артық сатпайды.

Кейде үстінен тағы бірдеңе алуды талап етеді, ол тауар өтпей тұрған болуы мүмкін

Мысалы, мерзімі өткен маргарин.

— Бұған дейін тапшы өнімдерге, бірінші кезекте қантқа, сатып алушыларға қорабы 1 манатқа арпа ботқасының 3 пакетін тағы сатып алуды ұсынатын. Жұмыртқаның үстінен — газдалған сусын, печенье, вафли немесе жүгері қауызын ұсынатын, — деп жазады Азатлык.

Тұрғындар мұндай шарттармен сатып алуға дайын, бірақ бастапқы қажет зат — қант көп жағдайда сөрелерде болмай шығады. Ал әкелінген бойда дүкендер алдында ұзын сонар кезек пайда болады. Көптің пікірінше, мемлекеттік қант сыртқа сатылып жатыр.

— Бірнеше дүкенде қант көптен бері жоқ.

5-ші ықшамаудандағы дүкеннен күндіз артқы есіктен қап-қап қантты ұялмай шығарып жатқандарын адамдар көрген

Ал дүкенде қант тез-ақ “бітіп қалған”. Және бұл күнделікті құбылыс. Себебі коммерциялық қант 11-12 манаттан сатылады, — деп жазады портал. Ал мемлекеттік дүкенде ол келісіне 7 манат тұрады.

Бұдан өзге, тапшы тауарлардың қатарына ұн да қосылды. Мары қаласында оны қолхатпен сатады, оның өзінде басқа сандарды көрсетуді талап етеді.

— 25 келі ұн сатып алған Мары тұрғынына 50 келі сатып алдым деп қол қойғызып алған. Сатып алушы қарсылық танытқанына сатушы қоқан-лоқы көрсетіп, “кімге шағымдансаң да өзің біл” деп қайтарып жіберген, — дейді портал.

Өз көзіңізге өзіңіз сенбеңіз

Билік экономикалық проблема барын ресми мойындаған емес. 6 маусымда үкімет барлық салада “жоғары өнеркәсіптік көрсеткіштерге жеттік” деп мәлімдеген. Ал бөлшектелген тауар алмасу көлемі 19,1%-ға артқан. Бірақ шетел сарапшылары жағдай мүлде басқа деп сендіреді.

— Мемлекеттік дүкендер арқылы үкімет негізгі тағам өнімдерін жұртшылыққа қолжетімді бағамен ұсынады. Бірақ қазіргі ұлттық валюта бағамының құны тұрғысынан бұл бағалар реалистік емес. Осылайша, мемлекеттік дүкендердегі бағалар үкімет үшін шығындарды қамтиды.

Кейбіріне ақша жоқ, бірақ үкімет инфляцияны мойындағылары келмейді

Бұдан өзге, олар мұны халыққа қалай түсіндірерлерін білмейді, — деп атап өтті Орталық Азия бойынша РСЕ/РС сарапшысы Брюс Панниер.

Қазір, сонымен қатар, ел бойынша дәріхалар, банктерге кезек қаптады

Еврация порталының мәліметінше, азық-түлік тапшысы — бұл жалпы экономикалық саясаттың нәтижесі. Оның ішінде импортты қысқартудың.

Жақында мемлекеттік ақпараттық агенттік экспорт 2019 жылдың бес айы ішінде 14%-ға артқанын, ал импорт 20%-ға қысқарқанын мәлімдеген.

— Нидерландыда жұмыс істейтін Turkmen.news басылымы неге мұндай нәтиже болғанын толығырақ жазған. Биліктің өнімдерді шетелден жеткізілуін реттеуі және бағаны қатал қадағалауы дүкендердегі тапшылыққа әкелді, — дейді тілшілер.

2019 жылдың наурызында премьер-министрдің орынбасары Чары Гылыджов “сауда ережелерін жетілдіру” туралы мәлімдеді. Бұл, оның сөзінше, елді азық-түлікпен қамсыздандыруды жақсартуға бағытталған. Ал мақсаты — нәтижесінде Түрікменстан өз өнімдерін шығаруы тиіс еді.

Ал түптеп келгенде, банан сияқты өнімдер дүкендерде мүлде жоқ

— Себебі Түрікменстан былтырдан бастап өздері өсірмек ниетте емес пе, демек оны импорттаудың қажеті не? — деп әжуалайды портал авторы.

Неге екені ақша аударымдарымен күресуде

Осы арада жергілікті банктер ел ішіндегі ақша аударымдарын жауып тастаған, деп хабарлайды Азатлык.

Жергілікті халық үшін ең қолжетімдісі “Гырат” қызметі болған, бірақ Түрікменстанның коммерциялық банкі Halkbank оның күшін жойған. Енді ақша аударудың жалғыз тәсілі — бұл поштамен жіберу.

Бірақ поштамен жіберу кезінде қызмет үшін 10% комиссия алады

Сонымен қатар, банк аударымын жұмыс күнінің ертеңінде алуға болатын, енді бірнеше апта күту қажет болады.

Банктер мұны ешқалай түсіндірмейді.

— Halkbank сайтында ақша аударымдарының тоқтатылуы жайлы ешқандай хабарлама жоқ, — делінген жазбада.

Валютаны еркін айырбастауды түрікмендік банктер сонау 2016 жылы тоқтатқан. Және содан бері

билік ішкі және сыртқы ақша аударымдарына үнемі шектеулер енгізіп келеді

2018 жылдың соңында Азатлык банктер Western Union арқылы сыртқа ақша аудару бойынша күніне тек 20 клиентке қызмет көрсетеді деп жазған болатын. Кейін сомаға да шектеу қойылды — айына тек 300 АҚШ долларына дейін жіберуге болады.

Бастысы жауды табу

Есесіне түрікмендік билік тағы бір соғыс нысанын тапты. Бұл жолы олар… татуировкамен күреспекші.

— Билік астындағы басылымдарға бұл сәннің гепатитке әкелуі мүмкін екенін және жалпы ислам қағидаларына қайшы екендігі жайлы ескерту жазбаларын жариялау бұйырылған, — деп жазадыTurkmen.news.

Азатлык хабарлауынша, тату шеберлері заңсыз жұмыс істеуге көшкен.

Шеберлердің жасырылған жерлерін анықтау үшін Ашхабад полицейлері татуировкалары бар адамдарды тоқтатып, қайда жасатқандары жайлы сұрай бастаған

Түрікменстанда тату салу қызметі бұрын да жартылай заңды болған, бірақ нақты тыйым болған емес.

— Жоғары сапалы тату салатын бірлі-екілі “зиялы” салондар болатын. Адамдар Түркия мен Мәскеуге барып, үйреніп келетін. Сән болған соң сұраныс та болатын. Бағасы 100 доллар төңірегінде, ал кейді одан да қымбат, — дейді тұрғындардың бірі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз