Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Шенеуніктер мемлекеттік тілде сөйлеуі керек” – Бердібек Сапарбаев

Аталған лауазымға таяуда ғана тағайындалған Сәуле Өмірбекова ҰБТ сынағының нәтижелері мен колледждерде дуальды білім беру жүйесін енгізу туралы мағлұматтармен бөлісті.

сауле

Білім басқармасы басшысы Сәуле Өмірбекова

Ол өз баяндамасын аяқтаған кезде жиынға төрағалық еткен өңір басшысы оған ескерту жасады.

— Сіз бір нәрсені ұмытпаңыз. Сіз білім басқармасын басқарасыз. Келесі жолы баяндамаңызды қазақша жасаңыз, — деді Бердібек Сапарбаев.

— Жақсы, — деді өз кемшілігін мойындаған білім басқармасы басшысы.

— Түнімен дайындалыңыз. Сіз кешегі мектеп директорысыз. Әрине, арасында ресми тілді де қосуға болады енді. Бірақ мемлекеттік тілде сөйлеу керек, — деді басқаларға да сабақ болсын деген пейілмен сөзін түйіндеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз