Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Бердібек Сапарбаев қытайлық компанияны әріптес болуға шақырды

Өңір басшысы сиыр мен қой еттерін өндіруші қытайлық компанияны әріптес болуға шақырған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Облыс әкімі шетелдік қонақтарға қазақтың ерекше сусынының қасиетін таныстырды.

“Қазақта шұбат деген өте пайдалы сусын бар. Аудан тұрғындары түйе ұстап, шұбат ішіп отыр. Шұбат ішкен адам кемі 80 жыл өмір сүре алады. Сондай-ақ 80 жасында үйлене алады. Бала сүйетіндей қуаты болады”, – дейді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыста биылғы жылы аграрлық саланы дамытуға республикалық бюджеттен 30 млн долларға жуық қаржы бөлінген.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен осындай көлемде қаржы қарастырылған.

“Grand Farm” корпорациясының директоры Чэн Сибин Қазақстанның ет өндірісінде әлемдегі үздік бес елдің қатарына кіре алатынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз