Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Бердібек аға айтты…”. Әкімнің сөзіне сенген жетім балалар үйін банкке бере салды

Ақтөбе қаласында тұратын Сарқұловтар әулетінің төрт баласы анасы көз жұмған соң бір-бірін сүйеп, жетім өсті. Ал әкесі Мырзағали Сарқұлов басқа әйелге кетіп қалған.

Бұл аз болғандай, соттан сотқа сүйреп, қорғансыз балаларға банк қырғидай тиген.

Өйткені ағайынды төрт баланың анасы Гүлмира Сақтағанова екінші деңгейлі банктен 2,5 миллион теңге несие алып, қаза болғанша, яғни 2015 жылға дейін төлеп келген. Ал аяқ-асты қаза болғанда банктен несиесі өтелмеген күйі қалған. Себебі балалар ішім-жеміне әрең ақша тауып отырған.

https://kaz.365info.kz/balalaryn-tiridej-zhetim-tastagan-ake-olardyn-zhardemakhysyn-yyalmaj-alyp-kelipti-268853

Ал балаларды әкесі тағдыр талқысына  тастап кеткен. Оған қоса үкіметтен балаларға бөлінген жәрдемақыны көкек-әке ай сайын алып, онымен екінші отбасын асыраған.

Қазіргі күні Сарқұловтардың банкке берешегі 3,7 миллион теңге болып кетіпті. Қарызды қайтара алмаған олар жақында мұрагерліктен бас тартты.

«Біз мұрагерліктен бас тарттық. Сөйтіп, үйді босатып бердік. Ақтөбелік Қанат-Әлия есімді ерлі-зайыпты келіп, бізге үш бөлмелі пәтерді жалдап берді. Олар екі айға пәтерақыны төледі»,- дейді отбасының үлкені Абай Жұмабаев.

Айта кетейік, қазір бұл отбасының балалары кенжесі Мерген Сарқұловты қорғаншылыққа алу құжаттарын да дайындап жатыр. Мектеп оқушысы Мерген оның ағасы, отбасылы Әлішер Сарқұловтың қамқорлығына берілуі мүмкін.

«Біз облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа үміт артып отырмыз. Тағы бір рет кездесіп, сөйлесуді жоспарлап жүрміз»,- деді Абай Жұмабаев.

Алдында бұл балаларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қабылдап, оларға үйін банкке бере салған дұрыс деп кеңес берген еді.

Ал балаларды жетімдер санатына жатқызып, жеңілдікпен көмек көрсету үшін әкенің құқығынан айыру мәселесі қолға алынған. Жергілікті билік Сарқұловтардың мәселесі өз бақылауымызда деп еді.  Лайым солай болсын!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз