Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Бензиннің соры». Қазақстандағы ең «көп жейтін» мәшинелер қандай?

409

6 орын. Chevrolet Tahoe

Американың Chevrolet Tahoe деген батыры бұл. 6,2-литрлі моторы 409 аттың күшін өндіреді. Жай жүргенде «жүзге» 13,4, құтырған кезде бұл «қасқаңыз» 18,3 литр «жейді». Бұған да АИ-95 құю керек.

5 орын. Toyota Land Cruiser 200

Toyota Land Cruiser 200 — талай қазақтың арманы. Бензинмен жүретін V8 қозғалтқышы 309 аттың күшін береді. Расходы – 13,9 литрден 18,2 литр аралығында.

орын. Jeep Grand Cherokee SRT8

Джиптің нақ өзі! Jeep Grand Cherokee SRT8 көлігінің капотын ашсаңыз, көлемі 6,4 литрлік дәу моторды көресіз. Оның жанармай шығыны әр жүз шақырымға 14 литрден 20 литрге дейін жетеді. «Жейтіні» – АИ-95.

3 орын. Lexus LX 570

Бұл Toyota Land Cruiser 200-дің байларға арналған баламасы. 8 цилиндрлі моторының көлемі 5,7 литр. 367 аттың күші бар. Аралас режимде жүз шақырымға жоқ дегенде 14,4 литр бензин жейді. Ал қалада ғана жүрсеңіз – шығыны 20,2 литрге жетеді. Бір жақсысы, бұған АИ-92 құюға болады екен.

2. Infiniti QX80

Жапонның байларға арналған «бұқасы»! Шіріген бай болмасаңыз, одан аулақ жүріңіз. 5,6 литрлік моторы 405 аттың күшін береді. Бүкіл күшін пайдалансаңыз – жүз шақырым сайын жоқ дегенде 20,6 литр бензиніңізден айырылып отырасыз. Ақшаңызды аяп, ақырын жүргеніңіздің өзінде жанармай шығыны 14,5 литрден төмен түспейді.

1. Mercedes-Benz G65 AMG

Мынау рейтингтің көш басында тұрған көлік. 12 цилиндрлі моторы өкірген кезде 630 аттың күшімен таптап өтеді. Қаланың іші мен сыртында жүрсеңіз – «жүзге» 17 литр бензин жейді. Одан басқа жердің бәрінде шығыны 20 литрден әлдеқайда асып кетеді.

Дереккөз: zakon.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз