Шенеуніктер ештеңе қымбаттамайды деп отыр. Сарапшылардың пікірі басқа.
— Акциздердің ішіндегі ең көп үлесті қайта өңдейтін және сататын компаниялардың шығындары мен пайдасы құрайды, – деп мәлімдеді министр.
Алайда, бағаның өсуін шенеуніктер жоққа шығармайды, бірақ аса білінбейді деп айтады.
— Тізбек бойынша аз ғана әсер болады, өйткені энерготасымалдағыштар тізбектің басында тұрды, — деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.
— Пайыздық қатынаста әңгіме жалпы инфляция ішіндегі 0,02%, ал бүгінгі күні 5,5 жылдық көрсеткіште қалыптасып отыр, – деп толықтырды Дәленов.
Ал біз осы мәселе бойынша сарапшылардың пікірін тыңдап көрдік.
Экономист Вячеслав Додонов жалпы Досаевпен келіседі — бағаның өсуіне аса әсер етпейді. Бензин қымбаттайды, жалпы 6-7%-ға.
— Тауарлардың өзіндік құнында бұл көптеген компоненттердің бірі ғана.
Бұл 6-7% басқа факторлардың жанында көрінбей қалатын болады
Отынды көп тұтынатын қызмет түрлеріне қаттырақ әсер етуі мүмкін. Мысалы, қоғамдық көліктерге, – деді ол.
Бірақ тұтыну бағаларының индексіне инфляция есептелетін жүздеген позиция кіреді, сондықтан экономикаға әсері елеусіз болады, деп есептейді экономист.
Кейбір сарапшылар шағын және орта бизнес өкілдерінің мұндай жағдайларда психологиялық факторды жиі іске асыратыны туралы пікір білдірді.
Және олар бағаның кез келген болмашы көтерілуін өз тауарының бағасын көтеруге себеп ретінде қабылдайды
Алайда, Додонов бұл пікірмен келіспейді. Ол шағын бизнес бәрінен ең бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істейтінін атап өтті. Егер кәсіпкер бағаны көтере бастаса, клиент бәсекелесіне кетеді.
— Клиент болмаған соң бағаны қайтаруға мәжбүр болады, – деді Додонов.
Әсер елеулі болуы үшін бензин ондаған пайызға қымбаттауы керек. Бірақ бұл нұсқада басқа бағалар бірден көтерілмейді. “Тізбек бойынша” инфляция басқа тауарларға дейін жетуі үшін біраз уақыт қажет болады.
Экономист Петр Своик акциздерді не үшін көтеру қажет болды, осы сұрақ төңірегінде ойлану керек дейді.
Ол отандық МӨЗ ақырында модернизацияланғанын, нәтижесінде өнімнің сапасы мен оның саны артқанын еске салды. Сонымен қатар, мұнай өңдеу бойынша шағын зауыттар да пайда болды. Сондықтан ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабуға жақын. Ал кейбір атаулар бойынша тіпті артық шығара бастады.
— Бұл артық өнімді қайда жібереміз деген сауал туындады. Тек Ресей нарығына ғана
Басқаларында (Өзбекстан, Қырғызстан) өз шектеулері бар, — деді Своик.
Ресейлік нарықта да артық өнім көп екенін ескеру керек. Бірақ, салық салу жүйесі біздің бағадан мүлдем өзгеше болғандықтан, онда баға жоғары екенін атап өтті.
— Бұл жалпы біртүрлі — экономикалық кеңістік бір, ал баға белгілеу тізбегі әртүрлі. Үйлестіруді қажет етеді, — дейді Своик.
Сарапшы акциздер мен бағалардың өсуінің мақсаты — отандық МӨЗ түсімін арттыру деп болжады. Өйткені
Ресей нарығы үшін тіпті жаңа (егер пайда болатын болса) бағалар бәрібір төмен болады
Демек, өнім сұранысқа ие болады.