Армян тектес бельгиялық виолончелист Севак Аванесян өткен аптада шабуыл жасалған Таулы Қарабақтағы Шуш қаласындағы Қасиетті Мәсіхтің соборында өз халқы үшін маңызды «Крунк» («Тырна») әнін орындады.
Музыкант орындау барысында көңілі қатты толқығанын айтты. XVII ғасырдың халық әнін орындаған композитор Комитастың арқасында пайда болған шығарма Аванесянның жанына жақын туынды, өйткені ол қазір Арменияда тұрмайды, ал әуен оған Отанын есіне түсіреді.
Естеріңізге сала кетейік, Таулы Қарабақтағы шиеленіс 27 қыркүйекте орын алды, Әзірбайжан мен Армения бір-бірін қару қолданды деп айыптап, екі жақтан жасалған шабуылдардың видероликтерін жариялай бастады.
Елдер соғыс жағдайын енгізді. 8 қазан күні кешке Ресей президенті Владимир Путин тараптарды соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды.
Армения мен Әзірбайжан СІМ басшылары Мәскеуге келіссөзге шақырылды, оның нәтижелері бойынша 10 қазаннан бастап аймақтар бітімгершілікке келді.