Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бельгия соты Ұлттық қордың 21,5 млрд долларына қойылған шектеуді алып тастады

Бұл 2010 жылы Қазақстанға қарсы талап-арыздарды бастаған екі молдован кәсіпкері Анатол және Габриэль Статидің сәтсіз талпыныстарының кезектісі.

Стати Швециядағы төрелік арқылы Қазақстаннан 4 миллиард АҚШ долларын талап етті, алайда оларға 500 миллион АҚШ доллары ұйғарылды. Осы қаражаттың ішінен 199 млн. АҚШ доллары газ өңдеу зауыты құрылысына кеткен шығындармен байланысты болған тәрізді.

Кейіннен, АҚШ-та бөлек сот процедурасы арқылы алынған құжаттар арқылы Қазақстан Статидің талаптары ірі алаяқтыққа негізделгендігі жөнінде дәлелдер алды. Швеция төрелік шешімнің күшін жоймай және алаяқтық фактісін тіпті мәні бойынша қарамағанына қарамастан, Англияның Жоғары соты ұсынылған дәлелдерді қарастырып, өткен жылдың маусым айында төрелік шешім алаяқтық жолымен алынғандығы туралы жеткілікті түрде бастапқы дәлелдер бар деген қорытындыға келіп, сәйкесінше ағымдағы жылғы қазан айына алаяқтықтың мәні бойынша тыңдау өткізуді белгіледі. Осыдан кейін Стати жеті елде мәжбүрлі түрде орындау бойынша теңдесі жоқ науқан бастап, Қазақстанның Ұлттық банкіне және Ұлттық қорға тиесілі 22 млрд. АҚШ долларынан астам сома көлеміндегі активтерге алдын ала тыйым салды, бұл сома олардың талаптарынан анағұрлым асып түседі.

Бельгиялық сот уақытша тыйым салу Статидің талаптары мен шығындарының сомасымен ғана, атап айтқанда 530 млн. АҚШ долларымен шектелуі керек деп ұйғара отырып, Статидің стратегиясын шайқалтты, бұл Қазақстанның Ұлттық банкіне тиесілі шамамен 21,5 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен шектеуді алып тастауға әкеледі. Бұдан басқа, бельгиялық соттың ұйғаруынша, тыйым салу үшін негіздің бар-жоқтығын нақ ағылшын соттары шешуі тиіс. Қазақстан Республикасы мен Қазақстанның Ұлттық банкі тыйым салынған қаражаттың қалған бөлігінен шектеуді алып тастау үшін Англияда тиісті әрекеттер қабылдайтын болады. Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаевтің айтуынша: «Тыйым салынатын қаражатты ұлғайту және бұл ретте үшінші тұлғаларды қамтуға бағытталған Статидің стратегиясына сызат түсті. Статидің стратегиясы бастапқыдан елімізге қысым көрсетуге бағытталған».

Бельгиялық шешім Стати алаяқтық туралы дәлелдемелер қарастырылатын сот талқылауын аяқтай алмай, Англияда ірі жеңіліске ұшырағаннан кейін бір апта өткен соң шықты.

Стати Англиядағы сот талқылауларын қазақстандық активтерге тыйым салуға қол жеткізу үшін бастады. Алайда сот алаяқтық дәлелдемелеріне қызығушылық таныта бастағанда-ақ олар істі тоқтату жөнінде сәтсіз талпыныс жасады, ал өткен аптада сот талқылауын кейінге қалдыруға тырысты. Бұл ретте мәлемдегені, бұдан былай олар мүдделерін өздері білдіретін болады, өйткені олардың адвокаттары King and Spalding бірнеше күн бұрын олардың мүдделерін білдіруді тоқтатты.

Лондондық сот оның орнына сот талқылауы қазан айында жалғасуы керек деп, Қазақстанға едәуір сот шығындарын төлеуді ұйғарды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаевтің түсінік беруінше: «Статидің схемасы олардың көз алдында бұзылуда. Стати қандай іс-әрекет жасаса да, шындықты жасыра алмайды».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз