Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Белгілі журналист Майлыбаевтың былықтарын айтып салды

189

Иә, “ашынғаннан шығады жанайқайың” демекші, менің тілімді кешеден бері шығарған сол Кертаев болды. Өмірдегі ең жаманы – алданып, аңқау бала секілді ауызыңның аңқиғаны. Орысша айтқанда өзіңді бір “лохушка” сияқты сезінгенің. Менің бұл сөзімнің төркінін еркек қауым түсінеді деп ойлаймын.
Егер еркектік сөзіңде тұра алмасаң, еркектігің қайсы?!
Жә, мен бұл жерде сонау 2007 -2017 жылдарға дейін БАҚ- ды уысында ұстаған Бағлан Майлыбаев туралы айтқым келеді.
2008 жыл. Күз. Ұлттық арнада бірнеше бағдарламалардың авторы, әрі продюсерімін. Бір күні менің қарамағымдағы тележүргізушінің тікелей эфирдегі әдепсіз жайларын байқадым. Жұмысқа қаталмын. Ешкімді аямаймын. Петличкадан әлгі тележүргізушіге ескерту айтып жатсам, петличканы лақтырып жібермесі бар емес пе? Әй, дәл бұлай ешқашан ызам келмеген болар, сірә?! Эфирдің соңына дейін әрең шыдадым. Жанымдағылар:
-Ойбай, қайтесің? Ол қатынға тиіспе, қарасы жұғады. Майлыбаевтың жақыны. Сондықтан да есіріп жүреді, -деп басу айтуда.
– Маған бәрібір! Итбайдың қатыны болса да. Өлгенде осыдан өлдім ғой, -дедім.
3 студияны аңдып тұрмын. Білем, ол мен шақырғанға келмейтінін. Шыға бергені сол еді, бас салдым.
– Сен кімсің маған айқайлайтындай, щеглиха?!
– Мен сенің бастығыңмын!
– Менің бастығым жоғарыда, -деп сұқ саусағын аспанға қаратып көрсетті.
– Бүгінгі эфиріңді крышаңа көрсетсем қалай сайрайтыныңды көрермін.


Жанжалымыз біразға барды. Ешкім бұл әйелге тісі батпайды. Себебі, Майлыбаевтың туысы. Әрине, су өтпейтін қолшатыры тұрғанда бұл кімге бағынсын?! Телеарнадағы продюсерлердің ішіндегі ең жасы менмін. Дәл қазір отқа жан десе, жануға дайынмын. Көзсізбін. Қорықпаймын. Кейін барып білдім ғой жымысқылардың бұл әйелді менің қарамағыма әдейі жібергенін.
– Ертең эфирге шықпайсың! Повторды қоямын!
Ол қарқылдап күліп кетті. Айтқан сөзімде тұрдым. Жұма күні қайталаумен эфирді жаптым. Дүйсенбі күні кабинетімде отырсам, әлгі крышасы мықты әйел қолында бір торты бар тықылдап келіп тұр. Телефонмен сөйлесіп отыра бердім.
– Бибка, кешірші, менен айып. Сен сіңлімсің ғой. Кіші жүздер осындаймыз. Торт әкелдім. Шәй ішейікші?- деді.
– Мен тәттіге жоқпын. Рақмет! Жаңа ғана шәй ішіп алдым. Уақытым жоқ, -дедім. Ана жерде қиылып отырды. Алдыңа келсе атаңның құнын кеш деген қағиданы ұстанған қазақ емеспін бе, әлгі тележүргізушіге:
– Сіз асханаға(столовый) барып, шәй жасай беріңіз. Мен қазір келемін, -дедім.
Асханаға бір топ журналистермен келдім. Жақтырыңқырамады білем, бірден:
– Биба, мен өзіңді шақырып, шүйіркелессем ба деп едім, -дейді. Үндемедім. Сол оқиғадан кейін ол жіптіктей болды. Басқасына бағынбаса да, менің сөзімді екі етпейді.
Бірақ, бір жылдан соң менің сол арнамен қоштасуыма тура келді. Соңыма майшамды алып түскен басшылардың қитұртқы әрекетінен жиреніп кеттім. Кейін әлгі әйел Майлыбаев арқылы алдыртып тастағанын білдім. Өкінбеймін. Қайта сол арнадан соң шыңдалдым. “Жетінші” арна менің кеңістігімді ашқандай болды. Мәскеуліктермен жұмыстас болғанымды мақтан тұтамын. Ресейдің телеарналарын авторлық бағдарламаларымен жаулап алған Тимур Вайнштейн секілді медиа саласын жақсы меңгерген кәсіби журналистерден тәжірибе жинадым.
Иә, Бағлан Майлыбаевты биыл үй қамаққа алынды дегенде, сол бір тележүргізуші еске түсіп кеткені. Бағланның аутсорсинг арқылы талай ақшаны жымқырғанын Ұлттық Қауіпсіздік қызметкерлері айтпады. Бәлкім, оларға телеарнадағы былықтары кәкір -шүкір боп қалған шығар. Телеарнада төбеден қарап, шырт-шырт түкіріп, “шапкасын” алып, қалтасын қампитып отырған Майлыбаевтың та дәуірі – 2017 жылдың қаңтар айында бітті.
Бір қызығы деймін де, бір кездері жанында түлкіше бұлаңдаған журналистер кейін Фейсбук арқылы сыртынан мысқылдап күліп, комент жазып отырды.

Дереккөз: alashinform.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз