Белгілі Ayumi тобының экс-әншісі Айдана Мәлік (Шәріпханова) алғаш рет ана атанды. Айдана 13 қаңтар күні ұл баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Айдананың жары Әнуар желіде жариялады.
“Біз ата-ана атандық. Барлықтарыңызды жақсы көреміз. Айдана – қаһарман”, – деп бөлісті ол.
Айдана жастар арасында заманауи әндерімен танылған Ayumi тобында жеті жылға жуық уақыт ән салды. Ол былтырғы жылдың көктем айында Әнуар Мәлік есімді кәсіпкерге тұрмысқа шығып, топтан кетті.