Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Белгілі актер мұғалімнің мәртебесін көтеру жайлы пікір білдірді

112

Мен өмірімде мұғалімнен бір рет шапалақ жедім. Үйге келгенде шешем екінші бетімнен ұрып, мектепке қайтарып жіберді. Содан кейін өмір бақи қайтадан мектептен жылап келген емеспін.

Ал қазіргі балалар ше? Біз шетелге еліктейміз, баламыздың құқығы тапталды, жеке басын қорлады дейміз. Олай жасай берсек, ертең біздің балаларымыз өскенде кім болады? Ұл балалар мамасының баласы болады.

Ол кішкентай күнінен бастап арызқой, шағымшыл, өзін оқытып-үйретіп жатқан ұстазға шағымданған бала ертең өскенде қоғамға шағымшыл болады.

Ол өзінің әйелінің үстінен шағымданады. Ал ондай ұрпақ бізге қызмет жасай ма? Жасаған күннің өзінде, қандай қызмет жасайды? Осы мәселені көбірек ойлану керек секілді”, – дейді ол.

Бақыт мұғалімнің қадірсіз болып бара жатқанына Заңның сақалдылығы да кінәлі дейді.

“Қазір мектептерде балаларға смартфон ұстатқызбау керек. Екіншіден, мұғалімнің мойнына артып қойған әртүрлі сайлау науқандарындағы жұмыстар…

Ауыл-ауылға гастрөлдік сапармен барамыз, ұстаздардың үйіне түсіп жатамыз, болмаса ауылдағы әке-шешемізден естиміз. Комиссия болмаса аудандағы білім бөлімінің басшылығы бар.

Мен таңғалдым, ауданнан келетін басшылық, айналасындағы нөкерлерімен қосқанда 6-7 адамды күткен кезде құдалық күткендегі дастархан бекер қалады.

Үй көрмей жүрген жеңгелеріміз, бала-шағасын тәрбиелеуге уақыты жоқ әпкелеріміз, қарындастарымыз қаншама?!

Бұрын ұстазды көрсек кәдімгідей асық ойнаған жерімізден асығымызды сыпыра қоятынбыз. Кетіп бара жатса арыққа жата қалатынбыз.

Қазір мұғалімді қағып кетіп жатқан қаншама балалар бар. Ең бірінші, бұл жерде ұстаздардың оқушы алдындағы мәртебесін көтеру керек”, – дейді Бақыт Тушаев.

Дереккөз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз