1 қаңтарда, танымал әнші Сәкен Майғазиевтің туған күні. 43 жасқа толған әншіні өнердегі әріптестері, айтыскер ақындар мен ел азаматтары құттықтап жатыр.
Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева әншіні туған күнімен құттықтап, ақ тілегін өлеңмен жеткізді.
«Азаматтың сұлтаны,
Қазанаттың тұлпары..
Еркектерді негізі,
Өсек айту құртады!
Кесек сөзді бұл жігіт,
Сом алтынның ұнтағы..!
Қай жерде де тайсалмай,
Ел намысын жыртады.
Ердің сөзін сөйледі,
Елдің әнін шырқады.. Шаңырағыңда шырылдап,
Тусын қыз бен ұл тағы!
Бай қажының бірі бол
Майғазының ұрпағы!» – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева Instagramжелісіндегі парақшасында.
«Әндеріңіз бағалы өте маған,
Өлеңмен бағаңызды көтере алам.
Өнердің белесіне,биігіне,
Тек қана еңбегімен жетеді адам.
Өсірген өнегелі азамат қып
Ең ізгі адамдардан екен Анаң,
Халқыңыздың жүрегін жауладыңыз,
Жолыңа боп жүрген жоқ бекер алаң.
Жақсы атыңа дақ түспей өмір бойы,
Мақсатыңа жете бер Сәкен ағам!», – деп Сара Тоқтамысова Instagramжелісіндегі парақшасында ыстық лебізін білдірді.
Әншіні құттықтап, өлең арнаушылар қатарынан белгілі ақын Қалқаман Сарин де табылды. Сәкенді құттықтаған ақын әншіні мәрт мінезді азамат санайтынын атап өтті.
«Құны, сірə, болсадағы қанша кем,
Бақыт екен бап пен бағың болса тең.
Жұмыр жерді құшағыңа сыйдырып,
Мəрт-мінезді саған берген сонша кең.
Қара жерде тағдырлы ізің қалса екен!
Көк аспанда бақ жұлдызың жанса екен!
Анашың мен Алашыңның жүрегін,
Тербете бер,
Тербете бер,
Ән – Сәкен!» – деп жазды ақын Instagram желісіндегі парақшасында.
Өз кезегінде желі қолданушылары да Сәкен Майғазиевті 43 жасқа толған туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатты.