Беларусь президенті Александр Лукашенко бейсенбі күні жұмыс бабымен Өзбекстанға барды. Самарқан қаласында ол Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті.
Келіссөздер кезінде Лукашенко екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдары көп екенін мәлімдеді.
Шавкат Мирзиеев Беларусь елін “байырғы серіктес” және “дос мемлекет” деп атап, тауар айналымының қазіргі жағдайы тым аз екенін мойындады. “Біз тауар айналымын өсіретін салаларды анықтауымыз керек”, – деді ол.
Самарқан қаласында Лукашенко Ислам Кәрімовтің жесірімен кездесіп, көңіл айтты. Сол күні Беларусь басшысы “Хазрат Хизр” зиратына барып, Шахи Зинда ескерткіш кешені жанында орналасқан Ислам Кәрімов зиратына гүл қойды.