Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бекзат Саттарханов туралы фильм прокатқа шықты

337

«Хабар» агенттігінің тапсырысымен Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм еліміздің үлкен экрандарынан көрерменге жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фильмнің сюжеттік желісінде Бекзат Саттарханов өмірінің үш кезеңі қамтылады. Балалық шағы, боз бала кезеңі және өмірінің соңғы сәті. 90 жылдардың басындағы қиын-қыстау заманға тап келген Бекзаттың балалығы көп қиындықтармен өтеді. Түркістан қаласындағы темір жолды бойлай орналасқан шағын ауылдың қарапайым тіршілігі бала Бекзаттың көзімен бейнеленеді. Оның арманы, намысқой бітімі әр бір сәтте сыналып отырады.

Бірде ата-анасы Бекзатты күреске қатыссын деп бапкерге апарады. Онда Бекзат өзінің сергектігімен көзге түседі. Дегенмен күреске қатысқан баланың бойы өспей қалады деген түсінікпен оны боксқа ауыстырады. Бапкерімен танысқан күннен бастап, бұл спорт түріне ерекше зейіні ашылған Бекзат – күн сайын ерінбей жаттығып, алғаш рет Түркістанда өткен сайыста жүлделі орынға ие болады.

Боз бала шағында Германияда өткен турнирде топ жарып, бапкерлер олимпиядаға даярлау жаттығуларына қабылдайды. 1999 жылы Ташкентте өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге ие болып, олимпияда ойындарына жолдама алады. Солай 2000 жылы Сиднейде тартысты ойындар өткізіп, алтын медальдың иегері атанады.

Фильмнің түсірілім жұмыстары Түркістан, Алматы және Ыстамбұл қалаларында өткен. Басты рөлді жас актер Самат Әзімқұлов сомдайды. Ол 2006-2007 жылдары кикбокстан жастар арасында екі рет Қазақстан чемпионы болған. Сонымен қатар туындыдан Ғалымбек Оспанов, Мұрат Жарылқасынов, Майра Мақұлбекова, Дулыға Ақмолда, Қуаныш Мұқатай, Бақдаулет Шаймахан және басқа да актерлерді көре аласыздар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз