Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бекер сатыппын…”. Банкоматтан ақша алған қызды өлтірген таксиші ұсталды

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 жастағы Әйгерім Тасболатованы өлтірген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу барысында анықталғаны, марқұмды ата-анасы екі апта бұрын Түркістан қаласына жіберген. Ол киелі шаһарда әке-шешесінің банкомат карточкасынан 180 мың теңгесін шешіп алған. Кейіннен із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Кейін іздеу жарияланған тұрғынның өлі денесі табылды.

https://kaz.365info.kz/nazerke-aripti-oltirdi-degen-kydikti-byryn-ysh-ret-sottalgan-bolyp-shykhty-284152

Белгілі болғандай,

Әйгерім банкоматтан ақша алған сәтін жергілікті таксистердің бірі байқап қалыпты. Сөйтіп көлік жүргізушісі жас келіншекті көлігіне алдап мінгізіп, қаланың шетіне апарып қылқындырған.

Кейін қомақты ақшасы мен ұялы телефонын қолды етіпті. Ұрланған заттарды сатып, бас пайдасына жаратқан. Алайда ол көп ұзамай-ақ осы сатылған телефон арқылы тәртіп сақшыларының қолына түскен.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде жасаған қылмысын мойындап, мәйітті өзі тауып берген. Күдікті келіншектің өлі денесін Достық ауылының шетіндегі қамыстардың арасына тастап кетіпті. Қазіргі таңда бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізілуде. Іс тергеліп жатыр.

https://kaz.365info.kz/ar-ta-y-zhausa-eken-almatyny-taksisteri-ary-bolyp-zh-r-238055

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз