Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Бекболатта бар, басқаларда жоқ”. Айтыскер қыз айтқан нағыз еркектер кім? (фото)

663

Одан кейін қазақта мақал бар ғой: „Көсені үйге кіргізбе, көтенін жерге тигізбе„ деген.

Неге сақалды Алла-тағала қызға емес, еркекке шығарды? Демек, ол басыбайлы еркектің пошымын ашатын нәрсе. Сондықтан пайғамбарымыз өсірсін деді, сүннет деді.

Мен өзім сақалы бар жігіттерді қатты жақсы көрем. Ол еркектіктің символы секілді. Айбынды болып тұрады. Күшті ғой.

Түрік, Кавказдың жігіттерінің бәрін алыңыз, сақалы бар. Өйткені мұсылмандар ғой. Ал біз бірден жүн, сәләпит деп шыға келеміз. Ондай жаңсақ пікірге мен қосылмаймын, – дейді ол.

Мұхамеджан, Балғынбек, Бекболат ағалардың өзі мен үшін эталон

Мөлдір Айтбай болашақ күйеуінің сақалды болғанын қалайтынын айтады.

– Ер-азамат ретінде қызығатын, үлгі тұтатын ел алдында жүрген ағалар көп қой. Мәселен, жаңағы айтқан Мұхамеджан, Балғынбек, Бекболат ағалардың өзі мен үшін эталон.

Балғынбек аға тұлғалы, ақылды, діндар, айбатты. Қазір бұл қасиеттерді бір жігіттің бойынан табу қиын.

Мысалы, осы қасиеттердің өзі Балғынбек ағаға жылдар бойымен келген шығар. Мысалы, ол Мұхамеджан ағамыздың бойына Алланың қалауымен келген шығар. Ондай еместер өте көп. Бірақ біз идеал жігіт іздеп жүрміз деп айта алмаймын. Тек әлгі айтқан кісілердің ұшқыны болса, жетіп жатыр, ары қарай дамытып аламыз ғой. Сор жерге қызанақ егіп, қияр өсірмейсіз ғой. Сондықтан өзі болатын адам белгілі болып тұрады, – дейді ақын.

 

https://kaz.365info.kz/bizdi-ruhymyz-shti-bekbolat-osylaj-depti-239679

Тоқалдың тең жарты өмірі жесірлікпен өтеді

Сондай-ақ айтыскер қыз өзін тоқал еткісі келетіндер көп екенін, өзінің тоқал болуға қарсы еместігін де айтты.

– Тоқалдыққа көп ұсыныс түседі маған, негізі. Тоқал алу дегенді қолдаймын. Өте дұрыс нәрсе. Бұл арада тағы тарихқа кетуге тура келеді.

Абай тоқалдан туған, менің өзім де тоқалдан туғам, керек болса (күледі). Менің әкемнің де екі әйелі бар.

Жас болғаннан кейін, 21 ғасырда туғаннан кейін ақ көйлек кигің келеді, әрине.

Тоқал болған соң, уақытты теңдей екіге бөлуге тура келеді, яғни, күйеуің бір апта бәйбішесінің жанында болса, бір апта менің жанымда болуы керек дегендей. Былай айтқанда, 25 жасында жап-жас ғұмырыңның тең жартысы жесірлікпен өтеді ғой.

https://kaz.365info.kz/rinat-mynagan-zhauap-bershi-khazakhtar-ajtpagan-shyndykhty-orys-zhigiti-ajtty-video-262942

Мүмкін, имани ахуалым әлі жетпей жатқан шығар, сондықтан тоқал болуға әлі ешкімге келісім бере қойғам жоқ. Біреудің бәйбішесі болатындай қызбын ғой, тек уақытым келмей жатқан шығар. Бірақ тоқал алам деген жігіттерді қос қолдап қолдаймын.

Қазақтың қыздары түрікке, қытайға кеткенше, тоқал болғаны дұрыс,

– дейді бойжеткен.

Айтыс Жүрсін Ерманның жеке бизнесі ме?

„Бүкіл ақын қайда барса да Жүрсін Ерманнан сұранады екен, соған қарағанда, ол кісі айтысты жекешелендіріп алған секілді„ деген долбарға қатысты да айтыскер қыз өз ойымен бөлісті.

– Қазір халықаралық айтыскерлер және жыраулар одағы деген ашылған. Біз барлығымыз сол одаққа мүшеміз. Сол одақ аясында ғана айтыстар ұйымдастырылады. Қазір солай етіп қойды. Мүмкін, бұл содан шығып жатқан сыбыс шығар.

Бірақ айтыскерлер қайда өнер көрсетем десе, өзі біледі. Мысалы, бір байдың әкесі 100 жылға толып, айтыс өткізгісі келсе, біз бара береміз. Тек Жүрсін ағаға үлкен кісі ретінде ескертіп қоямыз. Болды. Ол кісі мұндайға еш наразы болған емес. Керісінше, біз үшін қуанышты. Нәпақа табасың, тағы бір жағынан дамисың дегендей. Үйде отыра берсең, қарайып қаласың ғой. Сондықтан жер жерде болып жатқан айтыстарға барып тұрған жақсы негізі.

КСРО-ның дүркіреп тұрған кезінде де 1988 жылы да Республика сарайында ханға да, қараға да айтып салатын өткір айтыстар өтті. Соның бәріне мұрындық болған Жүрсін аға, оны мойындайтын шығармыз. Бұл – Алланың жазуы. Қазақта бір әулеттің басында тұратын үлкен кісі болады. Соның рұқсатынсыз бала-шаға еркін әрекет қылмайды ғой.

Бұл — тәртіп, қазақтың әдебі. Сол секілді айтыскер ақындар жеке-дара бір жерде өнер көрсеткелі жатса, Жүрсін ағаның алдынан өтеді.

Ол сұрануға жатпайды. Тек артынан естісе, үлкен кісі ғой, ренжіп қалмасын деген нәрсе бұл,- дейді Мөлдір қыз.

https://kaz.365info.kz/khazakh-zhigitterine-kharap-kharnym-ashady-azirbajzhanmen-zhyretin-kharakoz-khyzdyn-zhazbasy-272218

Айтыскер ақын қалай табыс табады?

– Өз басымды алсам, әндерге, әншілерге сөз жазам. Содан соң, біз бір айтысқа барған кезде қарапайым адамның 3-4 айлық жалақысын аламыз.

Үнемшіл ақындар арамызда өте аз.

Сол ақшаны сол арадан бастап, 3-4 күнде жұмсап тастап, келесі айтысты күтіп отырамыз (күледі).

Одан кейін мен таяуда „Мөлдір„ деген баспа аштым. Кітап басып шығарымыз. Соның арқасында біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатырмыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз