Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бейбіт Шүменов Лас-Вегастағы зәулім үйін сатып жатыр

124
Kapital.kz

Бағасы – 4,75 млн доллар. Las Vegas Now порталына сілтеме жасай отырып жазған vesti.kz деректері бойынша, үйде алты жатын бөлме, тоғыз ванна, сондай-ақ кинотеатр, шарап жертөлесі және лифт бар.

Зәулім үймен бірге 1580 ш.м жер телімі де сатылады. “Бұл Лас-Вегастағы ең керемет үйлердің бірі. Мұндай үйді күн сайын көре алмайсыз”, — деген екен жылжымайтын мүлік жөніндегі жергілікті агент.

Шүменов Лас-Вегаста орналасқан промоутерлік компанияға иелік етеді. Оның қызметтік тізімінде 2004 жылғы Азия чемпионы, бірінші Афро-Азия ойындарының күміс жүлдегері, WBA Super (2010-2014) нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы, IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, бірінші ауыр салмақта WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы (2015-2016), WBA нұсқасы бойынша кәдімгі әлем чемпионы атақтары бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз