Нұр-Сұлтан
Қазір
24
Ертең
20
USD
468
-2.37
EUR
540
-2.64
RUB
5.73
-0.05

Әбдішев бостандыққа шығады

абдишев

Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жұмагүл Шуженова бүгін сотталушының өтінішін қабыл алып, өз шешімін шығарды. “Әбдішевті мерзімінен бұрын босатып, оған 1 жыл 4 ай 4 күнге пробациялық бақылау орнатылсын” деді судья.

Естеріңізге салайық, Бауыржан Әбдішев жемқорлыққа қатысты бірнеше бап бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Нақты айтқанда, экс-әкім кәсіпкерлікке кедергі келтіргені үшін, лауазымын асыра пайдаланғаны үшін және кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқаны үшін былтыр 11 желтоқсанда сотталған. Алайда, апелляциялық сот аталған мерзімді 3 жылға дейін қысқартты. Айыпты абақтыда 1 жыл 7 ай 25 күнін өткізгендіктен және үлгілі тәртібімен көзге түскендіктен сот оның үкімін шартты жазаға алмастырып отыр. Түрмеде Әбдішев өзге сотталушыларға білім берумен айналысқанын айта кету керек.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз