Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Баян Есентаева түсіріп жатқан жаңа фильмінің үзінділерін жариялады (видео)

Әлеуметтік желілерге салынған видеоға қарап, түсірілімнің түнгі уақытта да жүріп жатқанын байқауға болады. Продюсер сериалдың бірнеше қойылымын – қазылар алқасының үміткерлерді талқылауы, конкурс сахнасынан тыс оқиғалар, сондай-ақ «Қазақ аруы» міндетті кезеңі болып табылатын дарындылар шоуын жариялады.

Айта кетейік, «Қазақ аруы» конкурсы жыл сайын наурыз айында өткізіледі. Биылғы жылы осымен алтыншы рет болып өтті. Жобаның шарты бойынша, қыздар қазақ тілін еркін меңгеріп, әдебиет, тарих, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан хабардар болулары тиіс. Интеллектуалдық қабілеттерімен қатар, қыздардың сыртқы бет-бейнесіне қатаң мән беріледі.

Еске сала кетейік, түрлі жылдары «Қазақ аруы» титулын Гүлназ Жоланова, Кәмшат Қоскелова, Айгерім Қанатбаева, Айғаным Өтепбергенова, Альмира Ахатова жеңіп алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз