Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-13
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

“Баян ба, қоян ба, бәрібір!”. Меруерт пен Баянның арасындағы дау өрши түсті

321

https://kaz.365info.kz/byl-meruert-bayan-makhsatkhyzynyn-kensesin-tonap-ketti-297471

Желіні шулатқан даудың немен аяқталғандығын да әнші айтып берді.

“Солай ғана қалды. Екі хат жазылды.

Продюсер ханым оны екі әйелдің ортасындағы кикілжің ретінде шығарғысы келеді. Бірақ мәселе онда емес.

Бұл ұлттық мүдде туралы мәселе.

Басты рөлде әкім орынбасарының қызы, кірпікті жабыстырып алған, ол тіпті қазақ тілін дұрыс меңгермеген. Сен Қодарға тұрмысқа шығасың десе телехикаяда: “Өзің ти”, – деп айтады екен. Қазір 21 ғасыр болса да, мен олай деп анама айта алмас едім”, – деп сынға алды әнші.

Сонымен қатар, өз қалтасынан қаражат шығарып, түсірілімді аяғына дейін жеткіздім деген продюсердің әнші өтірігін әшкереледі. Түсібаеваның айтуынша, продюсер мұндай көлемде қаражат бермек түгілі, қосымша көріністерде бой көреткен актерлерге де қаламқысын төлемеген екен.

https://kaz.365info.kz/800-gektar-zher-yshin-bayan-alagozovanyn-bayan-syludy-khalaj-tandap-algany-belgili-boldy-296854

“54 миллион теңге – сіз бен біздің салығымыздан жиналған ақша. Оған жауап беруі керек. Ол кісі массовкада үш рет тамақтандырдық, ақша төледік деп айтып жатыр. Бірақ сол массовкадағы жастар маған хат жазды.

Ақша түгілі, су да бермеген.

Оны қопарса, әңгіме көп. Тағы да айта кетейін, Баян Алагөзова бәлкім тамаша продюсер шығар. Тракторшылар, сиырлар туралы фильм түсіре береді. Бірақ қазақ тілін жетік меңгермеген продюсер біздің ата-бабамыздан қалған ұлттық мүддеміз “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” эпосын түсіруге оның деңгейі жеткен жоқ. Егер мұны екі әйел арасындағы кикілжің деп қабылдасаңыздар, бұл сіздердің сауатсыздықтарыңыз!” – деп кесіп айтты Түсіпбаева.

https://kaz.365info.kz/meruert-tysipbaeva-mejrambek-bespaevtyn-khojnynan-bir-akh-shykhty-foto-292607

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз