Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Батыс Қазақстанда қыстақта құлдықта ұсталған екі адам азат етілді

28 маусым күні жедел іздестіру шаралары кезінде Бөкей ордасы ауданындағы бір қыстақта екі адамды құлдықта ұстаған 1944 жылғы Р. деген тұрғын құрықталды.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол Теректі және Қазталов аудандарының 1976 және 1979 жылғы тұрғындарын заңсыз ұстаған. Оған қоса соңғы азаматқа күш көрсеткен. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 126-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан бұрын Ақсай қаласында 1962 жылғы К. деген азамат осы қалада тұратын 1958 жылғы тұрғынды ЖШС-да заңсыз пайдаланған. Бұл дерек бойынша да ҚР ҚК 128-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз