Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Орыстану дертінен” әлі құтыла алмай отырмыз — ғалым пікірі

333

«Қазақтардың ана тіліне алаңдайтын ерекше жағдайы бар. Біз – өз тіліміздің, мәдениетіміздің, дәстүріміздің толық иесі емеспіз.

Қазақтың саны мен сапасының арасында алшақтық бар

https://kaz.365info.kz/ldardy-ma-ta-any-eshte-eni-de-bildirmejdi-amangeldi-ajtaly-238812
Оның тарихи себептері бар. Қазақ тілінің, қазақ ұлтының жағдайын өзбек, түрікпен, тәжіктермен, болмаса кавказдықтармен салыстыруға болмайды. Қазақтар орыстандыру саясатының өкпе тұсында тұрды.

Ресей империясында тұңғыш халық санағы 1897 жылы жүргізілген. Түркістан өлкесін есептемегенде, қазақтар 71,9 пайыз, орыстар 10,15 пайыз құраған, қалғаны басқа ұлт өкілдері.

Одан әрі 1959 жылға дейін қазақтардың өз еліндегі үлесі азая береді:

  • 1920 жылы -58,5%,
  • 1939 жылы – 37,8%,
  • 1959 жылы – 30%,
  • 1970 жылы – 32,6%,
  • 1979 жылы – 36,8%,
  • 1989 жылы – 40,1%.

Екі жылдан кейін халықтың 60 пайызға жуығы басқа ұлт өкілдері болса да, біз тәуелсіздік алдық. 1999 жылы қазақтар 53,4 пайыз,

  • 2009 жылы 63,7 пайыз болды.
  • 2013 жылдың басында Н.Ә. Назарбаев қазақтардың елде 65 пайызды құрайтынын ресми түрде хабарлады.

Орыс, украиндер, басқалармен бірге елімізге орыс тілі, орыс мәдениеті, орыс мектебі, дәстүрін ұлықтап, қазақ тілі, қазақ мәдениеті, қазақ дәстүрі ығыстырылды. Себебі, сан жағынан басым ұлт өкілдері қазақтарды өзіне тартып, сіңіре бастады, ал өздері қазаққа бейімделмеді.

Қазақстан орыстанды, ел өзгерді, орыс тілді елге айналды. Қазақ славян елі, христиан еліне айналды.

Қазақстан халықтар достығының лабораториясы деп айтылды, шындығында, орыстанудың лабораториясы болды.

Орыс ғалымдары «азиатизация» күш алуда деп байбалам салуда

Әрине, қазақ зиялыларының бірқатары бұл жағдайға іштей қарсы болды. Ал қоныс аударушылар қазақ мәселесіне пысқырып та қарамады, тіпті қазақ мәселесі бар екенін, қазақ ұлтының мұң-мұқтажын елемеді. Қазақтарды адам ретінде, маман ретінде сыйлағанымен, ұлт өкілі ретінде қабылдамады. Олар – ақша табуға, пәтер алуға келгендер еді. Қоныс аударушылардың саны көбейіп, олар 40-60 пайыз, тіпті 70 пайызға дейін өскенде, олар қазақтарға емес, қазақтардың оларға икемделуіне тура келді.

Бүгін қоныс аударушылардың Ресейге көптеп баруына байланысты, орыс ғалымдары «азиатизация үрдісі күш алуда» деп айқай салуда. Ал Қазақстанда «русификация» үрдісі күш алмақ түгілі, өмір салтына, заңдылыққа айналды. Осылай орыстану дерті батпандап кірді.

Атадан-балаға, баладан-немереге ұлтсыздану, тілін, мәдениетін жатырқау кең етек алды.

Бүгін тек орыс пен украиндер емес, қазақтар арасында ана тілін сыйламайтын, демек, білмейтін, қазақты ұлт ретінде менсінбейтін үрдіс етек алған.

2009 жылғы санақ бойынша жағдай жақсы сияқты, қазақтардың 98,3 пайызы ауызекі сөзді түсінеді, 95,4 пайызы еркін қазақша оқиды, 63,2 пайызы еркін жазады. Біздің Статистика агенттігі елді де, Елбасын да адастырып жүр. Себебі олардың бұл деректері сенімсіздік туғызады және өмірде дәлелденбей отыр. Көптеген ата-аналар, әсіресе жастар, тілі шықпаған балаларына дейін өздері шала білетін қазақ тілін балалары да біледі деп жазған. Бұл жерде ұлттық психологиялық фактордың да ықпалы бар. Қазақ тілін білмесем, орыс деп жазады деп те сақтанған, бірқатары намысқа барып, қазақ тілін білмейтіндер көп демесін деп, «біледі» деп жаздырған.

Ұлттық сезім – ең бір терең сезім, өз тілін білмесе де, өзін тегіне қарай ұлтқа жатқызу кең тараған үрдіс.

Бөтен тілді қазақ тілінен артық білу — қазаққа қауіпті екенін енді түсіндік. Тарихи жағдайдың салдарын айтып, бүгінгі тілді ахуалды ақтағалы отырған жоқпыз. Өткен тарихтың бүгінгі ауыр салдарын айтып отырмыз», деген екен.

Рас, тіл мәселесі қазақ үшін қашанда өзекті тақырып болғаны белгілі. Әлі де солай.

https://kaz.365info.kz/ziyaly-khauymda-bedel-zhokh-khazirgi-avtoritet-bajlykh-amangeldi-ajtaly-262110
Талғат Бақтығали

Фото: instagram.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз