22-желтоқсанда Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко “Сандық экономиканы дамыту туралы” декретке қол қойды.
Сөйтіп
Беларусь әлемдегі криптовалюта – блокчейнды мемлекеттік деңгейде заңдастырған алғашқы ел болды деп хабарлады TUT.BY.
Президенттің сөзіне сүйенсек, бұл әлемдік деңгейдегі ІТ компанияларды тарту, болашаққа инвестиция жасау, жаңа қаржы құралдары мен технологияларды енізу үшін керек.
“Беларусь блокчейн технологиясын пайдалануға үлкен мүмкіндіктер ашып отырған әлемдегі алғашқы ел деп білерсіздер.Біз осы саладағы өңірлік орталық болуға барлық мүмкіндігіміз бар”, – деп салды Лукашенко.
“Батька бәрін қатырды. Ешкім күтпеген жүріс жасады. Бәрекелді!!!
Беларусь республикасының президенті ешкім қабылдай алмаған шешімді қабылдады. Ол блокчейн мен криптовалютаны дамыту туралы бұйрыққа қол қойды. Білесіздер ме, бір сөзбен айтқанда, Беларусь ICO-ны, криптовалюта мен смарт келісімшарттарды заңдастарды ғой…” – деп жазды қаржыгер бизнесмен.
Сарапшылар президенті қабылдаған бұл декретті революциялық деп бағалап жатыр.
Өйткені енді беларусь кәсіпкерлері, заңды тұлғалары қор биржасында барлық операцияны криптовалютамен жүргізуге мүмкіндік алады. Беларусь рубліне, одан долларға ауыстырып ақшаны енді маза кетпейді. Оның үстіне токенді пайдаланғандарға салық жағынан да жеңілдіктер қарастырылған. Ал жергілікті биржада электронды ақшамен келісімшарт жасасқандарға есік ашық, оларға визаның керегі болмайды.