Сарапшылар қазір ядролық державалардың арасындағы шиеленісті төмендедетін ешқандай фактор жоқ деп ескертуде.
Кем дегенде 20 үнді солдаты Гималайдағы даулы аумақ Галван аңғарында Қытай әскерлерімен болған қақтығыста қаза тапты. Бұл ақпаратты Үндістан тарапы мәлімдеді. Сонымен қатар, қытай әскерлері арасында 43 құрбан бар деген расталмаған хабарламалар да бар. Дегенмен, бұл 1967 жылдан бері қарай екі ел арасындағы болған ең жойқын қақтығысы.
Гималайлардағы шекараға қатысты Үндістан мен Қытайдың дауласып келе жатқанына шамамен 80 жыл болды. Жалпы ұзындығы 3 500 киллометрге жуық шекараны шекара ретінде мойындамағандықтан, ол «ағымдағы бақылау сызығы» деп аталады. Жыл сайын онда қақтығыстар болып тұрады. Тек соңғы он жыл ішінде 15-ке жуық келіссөз болды, алайда барлығы нәтижесіз. Гималаи Пекин мен Нью-Дели арасындағы шиеленістің тұрақты көзі болып қалды.
Соңғы эскалация өткен айдың бірінші жартысында басталды. Үндістан үкіметі қытай әскері Үнді жауынгерлеріне тас лақтырып, қақтығысқа себеп болды деп мәлімдеді. Пекин бұл айыптауды жоққа шығарып, Үнді әскерлері Қытай аумағына заңсыз енді деп жауап қатты.
5 және 9 мамыр аралығында екі жақтың 100-ден астам сарбазы жарақат алды. Соңғы аптада тағы бірнеше шағын қақтығыс болды, нәтижесінде ондаған солдат ауруханаға түсті. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ.
Мамыр айының ортасынан бастап екі ел де Гималаи әскерлерін әкеле бастады деген хабар тарады
Дегенмен, сарапшылар жүздеген адамның өліміне әкелген 1967 жылғы қарулы қақтығыс қайталанбайды деп үміттенді. Бірақ қалай дегенмен де 16 мамырда қаза тапқандар болды.
Қазіргі шекара мәселесі Үндістан британдық колония болған кезден бастау алады.
1800 жылдардың соңында британдықтар әлі Үндістан мен Қытай арасындағы әлі анықталмаған шекараны белгілеу үшін екі шекара жүргізді, бір «Батыс секторда», Кашмирде, екіншісі «Шығыс секторда». Бірақ Қытай сол кезде тәуелсіз Тибетпен бірге Британдықтардың ұсынысына келіспей, демаркацияны шешілмеген мәселе күйінде қалдырды.
1947 жылы Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін, оның көшбасшылары британдықтар салған шекаралар дұрыс екенін атап өтті. Сонымен қатар, олар даулы аумақтардың кейбірі, соның ішінде Галван алқабына жақын орналасқан Ақсай-Шин ауданы Үндістанға тиесілі деп мәлімдеді. Бастапқыда Қытай талапты ішінара мойындаса да, кейінірек бағытын өзгертті. Мәселен, 1957 жылы қытайлықтар Үндістанға формальды тұрғыда тиесілі аумақтың бір бөлігіне батыс бағытта жол салды.
Екі ел арасындағы достастық байланыстар сақталса да, келесі бірнеше жыл ішінде шекарадағы проблемаларға байланысты бұл қарым-қатынас құлдырай бастады.
Үндістан және Қытай патрульдері арасындағы атыс алғаш рет 1959 жылы басталды,
бірақ 1962 жылдың қазан айында қатты болды, қытай әскерлері даулы шекара арқылы Үндістанға басып кірді.
32 күн шайқастан кейін Қытай Батыс секторда үлкен бақылауға ие болды және нашар жабдықталған Үнді әскерлерін шамамен 20 километрге шегіндірді.
Жағдайды реттеу үшін екі ел 1996 жылы «ағымдағы бақылау желісін» (LAC) қабылдады. Бірақ бұл түпкілікті шешім болмады— екеуі де белгіленген LAC жолағымен келіспеді. Сол кезде олар «Тараптардың ешқайсысының қызметі ағымдағы бақылау сызығынан шықпауы тиіс» деген резолюция қабылдады.
Дегенмен, ресми Нью-Дели 2016-2018 жылдар аралығында қытай әскерлері Үндістанның аумағын мыңнан астам рет кесіп өткенін мәлімдеді. Көбінесе өз инфрақұрылымын салуға тырысу үшін өткен. Пекин өз аумағында ғана жол салып жатырмыз деп, барлық айыптарды жоққа шығарды. Бірақ
1975 жылдан бері қарай тараптардың ешқайсысы да бір-біріне оқ атпады
2018 жылы пайда болған Stratfor тәуелсіз барлау фирмасының спутниктен түсірілген суреттері екі тараптың да даулы аумақтағы шекаралас аудандарында өз күштерін арттырып жатқанын көрсетті. Үндістан әуеайлаққа соққы беретін тікұшақтар, ал Қытай әуе базаларында жойғыштар мен зымыран жүйелерін орналастырды. Мұндай қызмет әлі күнге дейін жалғасуда.
«Қытай да, Үндістан де Гималайдағы қызметін күшейтуде — инфрақұрылымдар салып, аймаққа бақылау жасау үшін әскери активтерді жіберуде», — деп CNN-ге Австралиядағы Қытай саяси орталығы кеңесінің директоры Адам Ни хабарлады.
Көптеген сарапшының пікірінше, қазір шекара дауы туралы емес, аймақтағы көшбасшылық туралы әңгіме болып отыр.
Қытай Оңтүстік Азия аумағын бақылауына алуға тырысуда. Бірақ Үндістанның өлшемі мен оның Құрама Штаттармен тығыз ынтымақтастығы кедергі келтіруде.
«Шекараның бойында күресті бастау арқылы қытайлықтар үндістердің өмірін қаншалықты қиындата алатынын түсіндіруге тырысты», — деді FOX-ке Вашингтондағы Уилсон орталығынан Үндістанның сарапшысы Майкл Кугельман.
Оның пікірінше, Үндістан өзінен қуаттырақ көршісіне оңай беріле салмайтынын көрсетті. Әсіресе, бірнеше ондаған жыл бұрын соғыс болған аймақты қалай да қорғап қалмақ.
Дәл осы себептен Үндістан билігі 2022 жылға қарай Қытаймен шекаралас аймақта 66 жол салуға ұмтылып, өңірдегі инфрақұрылымға миллиардтаған инвестиция салды. Олардың бірі Галван алқабында әскери базамен қосылады.
«Әзірге өңірлік бәсекелестік жалғасуда және шекаралық мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Бұл алдағы айлар мен жылдарда қайталанатын жаңа стандарт», — дейді Кугельман.
Сонымен қатар сарапшылар Тараптардың ешқайсысы толық ауқымды соғыстың болғанын қаламайтыны жақсы жаңалық деп атап өтті. Екі ел де коронавирус пандемиясымен күресуде. Пекин АҚШ-тың күннен күнге артып бара жатқан дұшпандығына алаңдап, Гонконгты бақылауға алуға тырысуда. Нью-Дели өз кезегінде тікелей қарулы қақтығыс Үндістанның пайдасына аяқталмауы мүмкін екенін біледі. Нәтижесінде аумақтан және тау жоталарына бақылау жасау мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.
Алайда, екі елдің иелігіндегі ядролық қаруды ескерсек, жағдайы кез келген уақытта нашарлауы мүмкін.