Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Басты мақсат – бейбітшілік”. Қазақстанның бітімгерлік әскері Ливандағы миссияға дайындалуда

1027

Аталмыш меморандумға Қазақстан тарапынан ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров, Үндістаннан Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – «Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштері» миссиясындағы ҚР Қарулы күштерінің бітімгерлік бөлімшелері үшін құқықтық негізді қалыптастыру, сондай-ақ, аталған мииссияға қатысатын әскери қызметкерлердің құқықтық мәртебесін анықтау.

Елбасының кітабында не делінген? 

Айта кетелік, бұдан бұрын 

Қазақстанға бітімгерлік операцияларына қатысу керек пе?

деген мәселе көтерілген. 

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы қызметі мемлекетіміздің беделін арттырып, Қазақ елінің әлемдік аренадағы рөлінің нығаюына септігін тигізеді.

Қазақстанның жаһандық қақтығыстарды реттеуде өзіндік бағдарламасы бар

Қазақстанның айтпағы – әлемнің тыныштығы. Дәл осы бітімгерлік миссиясы – жас мемлекетті БҰҰ-ның төріне бір-ақ шығарды.

Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында былай деп жазады: «Болашақты дәл болжаған саясатының арқасында Қазақстанның халықаралық біртектілігі «қалыпты» ортаазиялық формат шеңберінен асты. Қазақстан Республикасы ірі еуразиялық мемлекет нақты аймақта да, сондай-ақ әлемдік деңгейде де прагмативті түрде маңызды рөл атқарды.

Халықаралық беделі жағынан Қазақстан 2010 жылдары-ақ әлемдегі алдыңғы қатарлы отыз елдің деңгейіне көтерілді. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып енуі осы деңгейдің дәлелі болып табылады».

Ауған соғысының ардагері, запастағы полковник Сергей Пашевичтің айтуынша, қазіргі әлемде бітімгершілікті ту ету – заман талабы болып отыр.

– Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікті сақтап қалу жолындағы бітімгерішік бағыттағы операцияларға белсене қатысуы – заманауи әлемдегі жағдайдың өзі міндеттеп отырған асқан қажеттілік. Мен өзім бүкіл әлемдегі бейбітшілікті қолдауға бағытталған мемлекеттік міндеттер мен тапсырмаларды орындайтын барлық әскерилерге айрықша мәртебе беруді қажет деп білемін

Өйткені Біріккен Ұлттар ұйымының бітімгершілік миссияларына қатысатын барлық мемлекеттердің әскери қызметкерлері түрлі артықшылықтар беретін осындай айрықша мәртебеге. Мұндай тәжірибе Қазақстанға да өте қажет деп санаймын,

– дейді ол.

Ардагерлер не дейді? 

Мұндай пікірді Қазақстанның ардагер жауынгері, бітімгершілік күштерінің құрамында талай жыл қызмет еткен сарбаз, II-дәрежелі «Айбын» орденінің кавалері, запастағы полковник Қайсар Зейдалиев те қолдайды. Ол былай дейді:

– дейді Қайсар аға.

Әлемдегі бейбітшілікті сақтай отырып, Қазақстан республикадағы бейбітшілікті де сақтай алады

Ауғанстан соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері, адвокат Ерлан Әлімбетов Қазақстанның әскері бітімгершілік күштеріне қатыса отырып, біздің армиямыздың әлеуетін арттырады, деген пікірін білдірді:

– Білсеңіз, сонау 1988 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының бейбітшілікті сақтау жөніндегі Қарулы күштері Нобель сыйлығына ие болғанНобель сыйлығының комитеті өзінің бұл шешімін мынадай жалынды сөздермен түсіндірген еді: «Біріккен Ұлттар Ұйымының Бітімгершілік күштері аса ауыр жағдайларда, бітімгершілік жөнінде уағдаластық жасалып, бірақ бейбітшілік туралы келісімдерге әлі қол қойылмай тұрған күрделі кезеңдерде жағдайдың шиеленісе түсуіне жол бермеу жолында қажырлы еңбек етті». 

Өкінішке қарай, мынау әлем тұрақсыз, жалпыәлемдік бейбітшілік мұхит суының бір орнында қатып қалуы сияқты мүмкін емес нәрсеАлайда бейбітшілікті сақтау жолындағы халықаралық операцияларға қатыса отырып, Қазақстан әлемдегі бейбітшілікті ғана емес, Қазақстан Республикасының өз ішіндегі бейбітшілікті сақтап келеді

Оның үстіне, Қазақстанның әскери күштерінің халықаралық бітімгершілік күштерінің операцияларына қатысуынан ешкімге ешқандай зиян көріп отырған жоқпын. Тіпті мұндай тәжірибенің біздің әскеріміздің дамуына қарқынды дүмпу беретіні анық,

– дейді Ерлан Әлімбетов.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз