Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Басталды! Головкин “Канеломен” жекпе-жекке дайындығын бастады

Бұл туралы оның бапкері Абель Санчес мәлімдеді. Жаттығу процесі әдеттегідей Калифорниядағы Big Bear кешенінде өтеді.

“Ертең ол жаттығу лагеріне келеді. Біз жаттығуларды бастаймыз. Мен оның мықты болуы үшін жаттығуларға бар күшін салатынына сенемін. Қарсылас та осы мәселені ескеруі тиіс. Бізде “Канелоны” соңғы раундтарда құлатуға немесе төрешілер шешімімен жеңіске жетеміз деген үміт бар”, – деп жазды boxingnews24.com Санчесті сөзін.

Айта кетейік, Головкин – “Канело”  жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді, екі боксшы арасындағы жекпе-жек өтетіні ресми түрде жарияланды.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық “The Ring” журналының белбеуін бәске тігеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз