Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-6
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Баспана бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама қабылданады

253
Хабар 24

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында “Нұрлы жер” бағдарламасын іске асыру барысы қаралды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр биыл жарты жыл ішінде тұрғын үй құрылысына 605,7 миллиард теңге инвестиция тартылғанын, бұл 2018 жылғы деңгейден 15,5 пайызға жоғары екенін айтты. Яғни,

1 теңге мемлекеттік қаражатқа 7,4 теңге жеке инвестиция тартылған

“Осы жылдың соңына дейін 118 мың тұрғын үй салуды жоспарладық. Жарты жылдық қорытынды бойынша 48 925 тұрғын үй берілді. Тұрғын үйді уақытылы беру үшін құрылыс алаңдарына инженерлік коммуникация жүргізуге 81,7 миллиард теңге қарастырылған”, – деді Роман Скляр.

Жарты жылдық қорытынды негізінде қаржыландыру жоспары бойынша өңірлерге 36,8 миллиард теңге аударылды, оның 35,8 миллиард теңгесі немесе 96,1 пайыз игерілді.

“ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін сатып алмай жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 32,8 миллиард теңге көзделген. Өңірлерге 14,9 миллиард теңге аударылды, 14,8 миллиард теңге немесе 99 пайыз игерілді. Биыл кезекте тұрғандар үшін 6 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. 1 шілдеде 924 пәтер берілді”, – деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 50 миллиард теңге қарастырылды. Қаржыландыру жоспары бойынша өңірлерге 9,7 миллиард теңге аударылды, оның 9,6 миллиард теңгесі немесе 99,6 пайыз игерілді. Барлық көздерден 7482 пәтер беру жоспарлануда. Мамыр айынан бастап 1619 көпбалалы отбасына тұрғын үй берілді.

Сонымен қатар, Роман Скляр жұмыс істейтін жастардың еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 2019-2021 жылдары жылына 1 мың жалдамалы пәтер салу жоспарланғанын атап өтті.

“Бұл 2019, 2020 және 2021 жылдары жұмысшы жастарға 3 мың жалға берілетін пәтер беруге мүмкіндік береді”, – деп нақтылады министр.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларды жылдық 2 пайызбен жеңілдікпен несиелендіру аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 50 миллиард теңге бөлінді. Өңірлер арасындағы несие беру лимиттері кезектегілер санына барабар анықталған.

15 шілдеде банк төлем қабілеттілігін алдын ала бағалау бойынша кезекте тұрғандардан өтініш қабылдауды бастады. Қарауға 9,9 миллиард теңге сомасына 920 өтініш түсті. Несие беруге 1 миллиард теңгеге 91 өтінім мақұлданды.

Елбасының тапсырмаларын іске асыру аясында “Нұрлы жер” бағдарламасын әзірлеуде тұрғындарды жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық секторды жаңғырту және үйлерді жөндеу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде қолданыстағы және жаңа іс-шараларды қаржыландыру тетіктері пысықталуда.

Жыл соңына дейін “Нұрлы жер” бағдарламасының жаңа редакциясын бекіту жоспарлануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз