Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Басқа шаруаларың жоқ па?!”. Қазақ журналисі кімдерге шүйліккенін білесіз бе?

190

Dalanews.kz сайтының тілшісі Нұрлан Жұмахан көтерген мәселе Қазақстандағы қалталы кәсіпкерлер мен “Шыңғысханды қазақ” деуден шаршамайтын тарихшыларға ой салар деген пікірдеміз.

Моңғолиядағы Шыңғысханның алып ескерткішін кім тұрғызғанын білесіз бе? Мұны күні кеше ғана президент сайлауында жеңіске жеткен спортшы, Халтмаагийн Баттулға өз қаражатына тұрғызыпты. Бүкіл моңғолдың мақтанышына айналған Шыңғысханның әруағы Халтмаагийн Баттулғаны сайлауда қолдағаны анық. Бұл турасында қазақтың белгілі ақыны Жүкел Қамайұлы Фейсбуктегі парақшасында жазыпты. Ақының пікірі ішке жиналған запыранымызды қозғап жіберді.

«Аса көп ақша, аса күшті билікті халық жеңуге болатынын бүгін көрдім. Халық қандай күшті екендігін сездіріп шыдады. Моңғолдар оянды құра құра құрал!»

Бұл кешегі екінші қайта сайлауда жеңіске жеткен моңғол палуаны, Халтманың ұлы Баттулғаның сөзі. Шыңғыс қағанға арналған осынау алып ескерткішті осы Баттулға өз қаражатымен, кәрістің аса сапалы құрышымен тұрғызған. Жеңіс құтты болсын! Баттулға демократия қарлығашы!» – дейді Моңғолияда туып-өскен қазақ ақыны.

Ал біз болсақ «Шыңғысхан моңғол емес, қазақ…» деп бітпес даудың соңында  жүрміз. Арыдағы Шыңғысханды айтпаған күннің өзінде берідегі Қазақ хандығының іргетасын қалаған Жәнібек пен Керейге жөндемді ескерткіш тұрғыза алмай жүргенімізде, тарихшылардың Шыңғысханда несі бар?

Анау бір жылы Астанада Жәнібек пен Керейдің ескертікішін көрнекті жерге қоя алмай біраз дауласқанымыз және бар. Егер қоғам тарапынан үлкен қарсылық болмағанда Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың ескерткіші қала сыртында қалар ма еді, кім білсін? Тегеурінді күрестің арқасында қос хан Астанадан орын тапқанын халық ұмыта қойған жоқ.

Моңғол президенті Халтмаагийн Баттул

 

Қазақ хандығының 550 жылдығын жетім қыздың тойындай қылып өткіздік. Қазақтың апайтөс қай кәсіпкері Қазақтың қай ханын қастерлеп, биік төбенің басына Халтмаагийн Баттулға сияқты ескерткіш орнатты. Ешқайсысы. Көкейін ақша тескен кәсіпкерлеріміз қазақтың қандай хандары бар екенін біле ме екен, өзі?

Ұлты мен тілінен жеріген біздің кәсіпкерлер Көктөбенің төбесіне «Битлз» тобына ескерткіш орнатып мақтанғанын білеміз. Ал өздерінің ата-бабаларына ескерткіш қоямыз деп бастама көтерсең, таппай қаласың.

Ал құр сөзден қуырдақ құруға бейім тарихшы ғалымдарымыз болса, «Шыңғысхан қазақ» деп бір-бірімен қырық пышақ болып айтысып жүр. Қазіргі тарихшылардың Шыңғысханды қазақ қылудан басқа шаруасы жоқ па? Бізге осы дау-дамай қажет пе? Оданда өзгенің мәдениетін ұлықтап жүрген олигархатарымызға тарихымызды танытпаймыз ба?

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз