Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бас прокуратура ауыр қылмыс жасаған 5 мың адамның бостандыққа шықпайтынын айтты

Оның айтуынша, заң ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды бостандыққа шығаруды көздемейді.

“Тағы да түсіндіріп өткіміз келеді – заңның кімге және қалай қолданылатыны жайлы. Ауыр қылмыс жасағандарды, ұрылар мен педофилдерді ешкім босатайын деген жоқ және ешқашан босатпайды да”, – деді Марат Ахметжанов.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда 5 мың адамның бостандыққа шығуы мүмкін екені хабарланған еді.

“(…) Айыппұл сомасы төмендеп, 36 құрам бойынша бостандықтан айыру мерзімі азайып жатыр, ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тартудың ескіру мерзімі 5 жылға қысқарды. Бұл сотталған бес мың адамды босатуға жол береді. Заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Заңдылықты нығайту бойынша жұмыс жалғасады”, – деген еді осыған дейін бас прокурор Қайрат Қожамжаров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз