Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Бас мүфти: біз дінді саясаттың құралына айналдырмауымыз керек

Осы орайда Бас мүфти Еуразия құрлығындағы мұсылмандардың басым бөлігі зайырлы мемлекеттерде тұратынын айта келе, дінді саясиландырмау қажеттігін атап өтті.

«Еуразия кеңістігіндегі мұсылман халықтары негізінен зайырлы мемлекеттерде өмір сүруде. Әлбетте зайырлы мемлекеттің де өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен дінді саясиландырмау қағидасы зайырлы мемлекеттердің барлығына ортақ деп санаймын. Олай болса, біз қандай жағдайда да дінді саясаттың құралына айналдырмауымыз керек», – деді ол.

Осы орайда Серікбай қажы Ораз әлемдегі діни ахуалдың күрделенуі дін қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыратынын жеткізді.

«Күрделенген діни ахуал дін қызметкерлерінің жауапкершілігін одан сайын арттыра түсті. Осы мақсатта мүфтият екі рет республикалық имамдар форумын, Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын, имамның тұлғалық келбеті, үздік зияткер имам сынды тәлімді құжаттарды қабылдады», – деп түйіндеді сөзін Бас мүфти.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз