Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бас мүфтиді патриарх Кириллмен салыстыру кімге керек болды?

158

Алматыдағы лаңкестіктен кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, дәлірек айтсақ, оның төрағасы Ержан қажы Малғажұлы сынға қалды. Оны сынаған кім? Оны сынаған – Самұрық-Қазынаның жанындағы Әлеуметтік әріптестік орталығының директоры Ерқанат Әбени екен.  

– Ислам мен Ібілістің аражігін ажыратып көрсетуде Бас мүфти бұқарамен жеткілікті деңгейде жұмыс істемей отыр,

– дейді Әбени.

Оның бұлай деуіне не себеп болды? Білсек, Әбени оншақты адамнан “сіздер Қазақстанның бас мүфтиін танисыздар ма?” деп сұраған екен.

Өзінің айтуынша, шағын сауалнама жүргізген. 

– “Бас мүфтиді танисыздар ма?” – деген сұрағыма ешкім жауап бере алмады. Оның атын атай алмайды. Әрі кетсе, еске түсіргендері Әбсәттар болды (Әбсәттар қажы Дербісәліні айтады. авт). Есесіне, барлығы да патриарх Кириллді білетін болып шықты, – деп жазады Әбени өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.  

  “Түптеп келгенде, дәл осы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) адамдарды теріс ағымдардың ықпалына түсірмей, оларға халыққа қарсы оқ атуға жол бергізбей, ел ішінде ағарту жұмыстарын жүргізуі керек еді. Бұл үшін Бас мүфти елдің көз алдында жүргені жөн. Ол теледидардан түспеуі тиіс. Қазіргі заманның ақпарат құралдарын нақ Исламды насихаттау жолында пайдалануы керек еді” – дейді ол бұған қоса. 

Сөзінің соңында, Әбени тағы да Ібіліс туралы айтыпты. Оның пікірінен аңғарғанымыз,

Ібіліс әлдеқашан Исламның ішіне кіріп кеткен…

Бірден Рим папасымен салыстыра салмадыңдар ма?!

efJQ10PqGv60Rp76-lgБас муфтиді сынға алған Ерқанат Әбенидің жазбасы жауапсыз қалған жоқ. Дінтанушылар, имамдар жауап берді оған. Соның ішінде, дінтанушы Ерсін Әміренің айтқан сөзі сауатты, әрі көңілге қонымды көрінді. 

Дінтанушының айтуынша, қазіргі Қазақстанға кім көрінген келіп жатыр. Келіп жатқандар ойларына келген уағыз-насихатын емін-еркін жүргізуде. Интернетте сайттары сайрап тұр.  

Бұған қоса, жылына 40-50 қазақстандық студент Мəдина қаласындағы Ислам университетіне түсіп, жат ағымның тағылымын үйреніп келеді екен. Үйренгенімен қоймай, оны ел ішіне таратуды мақсат тұтады.  Елде жүрген уағызшылары кафелерде, пəтерлерде сабақтарын жүргізеді.  

 – Осы айтылғандардың алдын алуда, тыйым салуда ҚМДБ-да қандай əлеует бар? Мәселені шешу жолдарының тетіктері қолдарында тұрғандар кінəлі болмайды да, орнына ҚМДБ кінəлі бола ма? – деп жазады дінтанушы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында

Әрі қарай, Ерсін Әміре Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлын патриарх Кириллмен салыстарғандарға жауап беріпті. 

– Бас мүфтиді Кириллмен салыстырыпты. Кирилл Ресей президенті қатысатын жиындарда бірінші қатардың қақ ортасында жарқырап отырады. Ал бізде қалай?  Біздің елде Қазақстан халқының 70-75 пайызы ұстанатын ата дініміздің өкілі, Бас мүфти елімізде ерушілерінің саны 2 мыңға да жетпейтін дін өкілдерімен бір қатарда артта отырады.

ҚМДБ-ға Орыс православ шіркеуіне берілген айрықша құқықтардың оннан бірі де берілмеген!

Құқық беру былай тұрсын, мешіт электр қуатына төлемақыны 4-5 күнге кешіктіріп алса, келіп қиып кетеді. Содан кейін келіп, Кириллмен салыстырады. Бірден Рим папасымен салыстыра салмадыңдар ма?! – дейді Ерсін Әміре.

Оның айтуынша,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдары ұсынатын елдегі діни проблемаларды шешу жолдарын “анаған қайшы келеді, мынаған қайшы келеді” деп, қабылдамай отырған қоғамның өзі.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз