Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Бас имам бекітсін!..”. Елімізде қалыңмалдың бағасын белгілеу ұсынылды

213

Иә, бүгінгі таңда кей өңірлердегі қалың малдың бағасын білген адам таңдай қағары анық. Бәсекеден бас алмайтын бұл жұрт басқасын былай қойып енді осындай жаңа ермек тапқандай.

https://kaz.365info.kz/aza-yzdary-nege-arzan-kim-k-ringen-pajdalanyp-zh-r-zhurnalist-213267

Сонымен, ана сүті, әке күші деп басталатын сұраудың топ басында Шымкент шаһары тұр. Мұнда күйеу бала қалыңдық үшін 1 миллион теңгенің көлемінде қалың мал береді екен. Одан кейін Қызылорда мен Алматы облысы.

Бұл өңірлерге құда түсіп барғанда қалтаңызда кемі – 400 мың болуы тиіс. Ал, қалың малдың бағасы төмен өңір Шығыс Қазақстан деп танылды. 200 мың теңге. Сондай-ақ, көк тиын шығын шығармай қыз алуға болатын жерлер де жоқ емес. Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар және Қарағандыда аталған дәстүр өз мәнін жоғалыпты.

5 келін түсіріп, 4 қызын ұзатқан астаналық Оразгүл Шынәлиева қалың мал беруде жарыс жасап, бәсекелесу дұрыс емес дейді.

https://kaz.365info.kz/dalar-ydys-aya-shin-sottasty-216410

«Ысырапшылдық. Өзіне лайықты ғана кәдесін жасап, өздері ғана келіссе болады, әрине. Ешкім ашу шығармайды. Әркім өз бергенін, өз ізетін алады. Байлар мен сеннен, ал мен сеннен қалмаймын дегендер де болады әрине. Ел болғаннан кейін көп қой» – дейді төрт қызын ұнатқан ана Оразгүл Шынәлиева.

«Бір қыз көрдім сүйетін дәл,

Жалғыз өзі жүр бақта.

Қосылуға ниетім бар,

Қалың малы қымбат па?

Доллар, рубль, теңге ме?

Көп байлық жоқ менде де».

Қалың мал тақырыбы талқыланып қана қоймай, тіпті әнге арқау болғып жатқан жайы бар. Осы ретте аталған дәстүрге байланысты жігіттердің де пікірін біліп көрейік.

https://kaz.365info.kz/tenin-tapsan-tegin-ber-khazakh-khashan-khalynmalsyz-khyz-bergen-299534

Жұрттың пікірі мынадай:

«Қазақ халқының дәстүрлерін жарамайды деп ешкім айтқан жоқ. Сол себептен беру керек деп ойлаймын».

«Ол жағын білмеймін енді. Салт дәстүрден артық? Баяғыдан келе жатыр ғой».

«Беру керек. Ата-ана тәрбиелеп өсірген қызға қалыңмал беру керек».

Қалың малды беруін бересің ғой. Бірақ, бұған да бақылау қажет.

Тарихшы Жұмамұрат Шәмші осы идеяның маңызын түсіндірді. Уақыт өткен сайын дәстүр саудаға айналып кетуі бек мүмкін.

«Әр жерде әрқалай болып тұр. Түбегейлі біркелкі қылу үшін мемлекет араласу керек. Жоғарыдан тапсырма болуы керек.

Жалпы қазіргі таңда алып қашу, қалыңмалға байланысты дүниетаным әртүрлі болып тұр. Сондықтан біркелкі қылу үшін билік араласып, шешім қабылдау керек деп ойлаймын» – дейді тарих ғылымдарының кандидаты Жұмамұрат Шәмші.

https://kaz.365info.kz/khalynmal-syrap-soryndy-khajnatady-zhetisajdyn-khyzdary-nege-khymbat-ekeni-belgili-boldy-295269

Қалың малдың бағасының өзгеріп сала беруі бір шетінен қыздың жасауына да байланысты. Мысалы, қыздың жасауына қосылатын сандықтың орташа бағасы – 130 мың теңге. Үйде киер киімі мен орамалдар жиынтығы 45 мыңның айналасында.

Бұдан бөлек ыдыс аяқтар бар. Оны жасақтау үшін 120 мың теңге кетеді. Барлығын қосқанда орта есеппен – 295 мың теңге. Қалтаңыздың қалыңдығына қарай бұл заттардың құны да өсе береді.

https://kaz.365info.kz/syjgenim-neke-toseginde-pak-bolmaj-shykhty-252177

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз