Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

«Бас-басына би болған өңкей қиқым…». Осы, қазақты біріктірмеу – кімнің идеясы?

2571

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жаппай қолдануды ұлттық идея ретінде қабылдайық деген пікір тұрақты алаңға айналып барады. Ұлы идеяны бұлай ұсақтатуға болмайды. Рас, қазақ тілінің тағдыры жанымызды жанықтырады, жүрегімізді жаралайды, тағдырлы тылсым.
https://kaz.365info.kz/prajm-plazany-tal-anda-anda-orystildi-zhastar-atty-shoshydy-sarym-ne-dejdi-245051
Тіл – ұлттық идея деген ұлы ұғымды жүзеге асырудың тұтқалы құралы.

Тек тіл ғана «бас-басына би болған өңкей қиқымның» басын біріктіре алмайды.

Берекені әрекеге айналдырып отырған да тілдік ала-құлалық. Исмаил Гаспралы айтқанындай: «Тіл, дін, діл және күрес мақсатының» бірлігі болмай, ұлттық идея ұйымайды. Биліктегі дәбірлер де, оппозиция өкілдері де елдің ішіндегі және сырттағы қазақтар да, бала да, дана да, прокурор мен сот та, полиция мен қауіпсіздік қызметкерлері де осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін жан алып, жан беруі тиіс. Бәсекелес саяси партиялар осы ортақ ұлттық идеяны кім, қалай оңтайлы атқара алатыны туралы жол көрсетіп, бәсекеге түсуі қажет.

Ал біздің қазіргі күйіміз Абай айтқандай «Біздің доспыз, асықпыз, дегеніміз жалғандықпен жалғанған көңіл жібі» ғана.

Осы жерде мысал ретінде белгілі қоғам қайраткері Амангелді Айталының мына пікірін келтіре кеткен артық болмас:

«Мәселе Австралия одағы туралы болып отыр. Австралия мен Қазақстанның тарихы әртүрлі болғанымен, оларды көпұлттылығы жақындатады. Австралияның негізгі халқы Еуропадан, Америкадан қоныс аударған ағылшынтілділер, оларды австралиялықтар деп толық айтуға болады, өздеріне тән құндылықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қалыптасқан. Бертін келе, ХХ ғасырдың 70-жылдары демографиялық дағдарыс және экономиканың дамуы шетелдің жұмыс күшін пайдалануды талап етті. Австралияға ағылып арабтар, вьетнамдықтар, қытайлықтар, басқалар қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын басты талап – Конституцияны мойындау, ағылшын тілінде сөйлеу. Қоныс аударушылардың мәселелеріне байланысты мемлекет қыруар қаржы бөлді: ұлттық тілдерде кітапхана, мектеп, БАҚ жұмыс істеді. Бүгін Австралияда радио 68 тілде, теледидар 60 тілде хабар таратады. Бұл аздық етіп, диаспораларға Парламентте, Үкіметте, оқу орындарында квота бөлінді, диаспора кәсіпкерлеріне салықтардан жеңілдік берілді. Австралияға қоныс аударушылардың саны одан сайын көбейді. Енді бюджет оларға деген шығынды көтере алмайтын жағдайға жетті. Елде қылмыс көбейді және ол этностық сипат алды: вьетнамдықтар героин сатумен, арабтар әйелдер сатумен айналысса, қытайлықтар мемлекеттегі лауазымды қызметтегілермен ауыз жаласып, қылмыстық топтар құрды. Сонымен, бұл ұлттық саясатқа елдің басым көпшілігі қарсы болды, себебі, бірте-бірте байырғы еуропалықтар шеттетіле бастады, елді сенімсіздік пен күдік жайлады, ал диаспоралар Австралия мемлекетінің тұтастығын ұмытып, өзара бәсекелестікке түсті» («Егемен Қазақстан» 19 сәуір 2008 ж.).

https://kaz.365info.kz/bizdiki-yrlykh-ideologiyasy-otandy-syyudi-khytajdan-yjrenu-kerek-pe-283088
Осы айтылғаннан үлкен қорытынды шығаруымыз керек.

Бұл жағдай біздің де басымызға келіп отыр. Егер де

дербес ұлт, тәуелсіз ел болып қалғымыз келсе, қалай да ұлттық идеяны ұйытуымыз қажет. Онсыз сырттың ықпалынсыз-ақ, іштен іріп тынатынымыз анық.

Алла содан сақтасын!
https://kaz.365info.kz/aza-stan-andaj-bop-ketti-zi-politsejler-men-sottar-a-nege-eshkim-senbejdi-210524
Айару Бақтығалиқызы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз