Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-13
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Барлық билік президентке және олигархтардың жарналары бюджетке: наурыздағы Қырғызстан

Фото: © AFP 2019 / VYACHESLAV OSELEDKO

Елдің барлық қалаларында баннерлер мен жарнама парақшалары ілінген. Сайлауға 50-ден астам партия мен өзін-өзі ұсынған азаматтар – барлығы 11 мыңға жуық депутаттыққа үміткер қатысуда.

Сайлау

Ең үлкен дүрлігу елордада байқалады. Бішкек кеңесіндегі орынға 25 партиядан 1800-ден астам адам үміткер ұсынылған. Қалалық кеңесте барлығы 45 орын бар. Яғни әрбір депутаттық орынға 40 кандидаттан келеді.

Сайлау алдындағы үгіт ғаламторда қызу жүріп жатыр. Қоғамның назары, әрине, барлығына бірдей жетпейді. Сондықтан саясаткерлер ақпараттық кеңістікте кем дегенде жарқырап бір көріну үшін бір-біріне жиі “шабуыл жасауда”. Олар бір-бірін құрылыс компанияларының мүдделерін қорғады деп айыптауда, бұрынғы қателіктерін естеріне түсіріп, қарсыластарын бейресми пікірталастарға шақыруда.

Шын мәнінде, Қырғызстанда тағы да өте қаупі бар жағдай қалыптасуда. Қалалық кеңестің сыртында 1 700-ден астам кандидат қалды… Және де егер олар сайлау нәтижелеріне наразы болса, өз жақтастарын Бішкек көшелеріне шығара ма? Өйткені, Қырғызстан 2020 жылдың қазан айында жылы орындарынан айырылған  кандидаттардың наразылығына байланысты дүрліккен болатын.

Көптеген адамдардың ағымдағы жағдайды көптен күткен парламенттік сайлауға дайындық ретінде қабылдауы жағдайды ушықтыруда. Президент Садыр Жапаровтың айтуынша, мұндай шаралар күзде өтуі тиіс еді. Алайда оны жазға белгілеуге мүмкіндік бар.

Шекаралар

Айдың соңында Қырғызстанның ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев ресми сапармен Өзбекстанға ұшып барды. Күн тәртібінде Өзбекстан мен Қырғызстанның бірлескен шекараларының даулы бөліктері бойынша келісім жасалды. Ташиевтің айтуынша, келіссөздер сәтті өткен, енді мемлекеттер арасында даулы бөліктері жоқ.

Тараптар жер және су ресурстарын бірлесіп пайдалануға келісім жасаған. Әрине, мұндай жағдай бәріне ұнаған жоқ. Оппозициялық күштер Өзбекстанға жер сатты деп айып тағып, анклавтарға кіруге шектеу қоюды, Бішкектің ең қатал талаптарына келіспейінше көршілерге су беруді тоқтатуды талап етуде.

Бұл жергілікті қоғамдастықтың шекара төңірегіндегі мәселелерді шешуге қатысты дәстүрлі реакциясы.

Оппозиция бұл тақырыпты барынша оңтайлы қолданады, өйткені оңай жолмен ұпай жинаудың бұдан басқа сәті түсе бермейді

Қазіргі биліктің барлық шекаралық мәселелерді шешудегі әрекеті мақтауға тұрарлық, өйткені бұл Қырғызстанның Өзбекстанмен және Тәжікстанмен қарым-қатынасындағы ең өзекті мәселесі. Бірақ Қырғызстан халқының жадында бұл ұлттық мүдделерге опасыздық жасау және Қырғыз жерлерін сату ретінде қабылданатын болады.

Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы даулы аумақтар мәселесі Шавкат Мирзиеев билікке келгеннен кейін ғана орнынан қозғалды. Қазіргі уақытта мемлекеттер арасында тек 15% ғана келісілмеген аумақтар қалды.

Тағы да ханституция

Саясаткерлер мен халық жергілікті кеңестерге сайлауға назар аударған кезде, Президент аппараты тез арада Парламентке жаңа Конституцияның жобасын  ұсынды. Депутаттар оны барлық үш оқылымда мақұлдады.

Қазіргі уақытта Президент Садыр Жапаровтың басшылығымен Қырғызстанда президенттік басқару жүйесіне көшу жүзеге асырылуда. Соңғы 10 жыл ішінде елде аралас модель жұмыс істеді. Ол президенттің рөлін біртіндеп азайтуды және Парламенттің бақылауындағы премьер-Министрдің ұстанымын нығайтуды көздеді.

Қазан айындағы оқиғалардан кейін жағдай түбегейлі өзгерді, қазір ел президенттік республикаға оралуға бет алды.

Президенттің өкілеттіктерін шамадан тыс арттырғаны үшін конституцияның жаңа жобасына ханституция деген “атау” беріп үлгерді

Тексеру мен тепе-теңдік жүйесінің жоқтығы туралы Венеция комиссиясы да мәлімдеді, бірақ Жапаров бұл істі аяғына дейін жеткізуге ниетті. Оның айтуынша, Қырғызстан әлі парламенттік демократияға дайын емес.

Алайда, Бішкекте әр жексенбі сайын “ханституцияға” қарсы бейбіт шерулер өтеді. Оған 50-ден 1,5 мыңға дейін адам қатысады.

Олигархтар мен күштік құрылымдар

Елдің ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды науқанды жалғастыруда. Наурыз айының басында қауіпсіздік қызметкерлері Парламент депутаты Әлиярбек Әбжалиевке қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол заңсыз байыған деген күдікке ілінді. Айтпақшы, ол бұрынғы президент Сооронбай Жээнбековтің құдасы. Әбжәлиевтің өзі елден кетіп үлгерген, қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз.

Тағы бір депутат – Марат Аманқұлов та ҰҚКҰ-ның назарына ілікті, оны да заңсыз жолмен байыды деп күдіктенуде. Аманқұловтан 1,5 миллиард сомның мүлік тапқан.

Қуғынға ұшыраған саясаткер, бұрынғы депутат Өмірбек Бабанов билікке 100 миллион сом ерікті жарна төлеп құтылды. Бабановқа қатысты қозғалған барлық қылмыстық істер тоқтатылды. Ол билік тарапынан ешқандай зорлық-зомбылық пен қорқыту болмағанын айтады.

Оңтүстікке танымал бизнесмен және ІІМ-нің бұрынғы қызметкері Жалил Атамбаев та қазынаға 100 млн сом құйған. Наурыз айында одан да жауап алынып, тіпті біраз уақыт үй қамақта отыруына тура келген.

Дегенмен

билік бай шенеуніктерді байлықтарынан айыру науқанының нәтижелі болғанымен мақтануда, іс жүзінде бұл қаражат қайда кететіні белгісіз

Ташиевтің айтуынша, қауіпсіздік қызметкерлері ақшаны бюджетке аударады.

Наурыз айында белсенді Тілекмат Күренов ұсталды. Ол Конституцияны қабылдауға және табиғи ресурстарды өндіруге белсенді түрде қарсы болды. ІІМ қызметкерлері Күреновтің үйіне тінту жүргізді. Кейінірек Куреновтың өткен сайлауда дауыс сатып алуға әрекет жасағаны үшін қамауға алынғандығы туралы ақпарат пайда болды.

Сонымен қатар, жаңа конституцияға қарсы шыққан басқа белсенділер де іздері түсіп жатқандығын хабарлауда. Заңгер Сәния Тоқтогазиева, қоғам қайраткері Ұлан Усойун және журналист Әли Тоқтақынов біреулердің өздерінің іздерінен аңдып жүргені бейнеленген видео жариялады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз