Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

„Бәріне кінәлі енем„. Мөлдір Әуелбекова ашығын айтты

1134

https://kaz.365info.kz/moldir-auelbekova-khuandykh-rahymmen-khosylatyn-boldym-271850

Жұмысыма қарамастан, екі жылға дейін балама омырауымнан сүт ішкізгім келеді. Кейін өзін алаңсыз қалдырып, жұмысқа шыға берсем болады. Шынымды айтсам, ол бейнебаян өзім үшін де тосынсый болды. Ұлымның шілдеханасында өзімнің әпкем және директорым Меруерт ханым маған тосынсый жасап, бейнебаян түсіріп беретінін айтты. Қаражат мәселесін толықтай өз мойнына алды. Ақырында бейнебаян тойға бір күн қалған кезде түсірілді. Таразға тойға дайындалуға барған кезде, бірден осылай іске кірісіп кеттік.

Бейнебаянда ұлымның жүзін көрсетпеуге тырыстым. Тіл-көзден қатты қорқамын. Бұл бар нәрсе. Көрсетпесең, “Неге көрсетпейсің? Жалғыз сенде ғана бала бар ма?” дейді. Көрсетсең, “Ерте көрсетіп қойдыңыз ғой. Қорықпайсыз ба? Неге балаңызды аямайсыз?” деп жатады.

Адамдар әртүрлі. Сол себепті бір жасқа дейін шыдауды жөн көрдік. Бірақ, байқаусыз желіге суреттері кетіп қалды. Мен қайсыбіріне өшір деп ескерту жасап отырамын. Оның үстіне халық көріп үлгерді. Бұйырғаны осы шығар. Көліктегі суретті енем байқаусызда салып қойған екен. Енемнің парақшасынан барлығы көшіріп алған”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.

https://kaz.365info.kz/moldir-auelbekova-topyrlatyp-tugym-keledi-250002

Дерккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз