Астанада бір күнде үш қалыңдыққа үйленген жігіттің тойынан видео жария болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
“Өтірік қой, қойылым қоюға басқа тақырып таппай қалдыңдар ма?”, – деп кей желі қолданушылары сенбестік білдіріп еді, өзгелер бұл жайттың шын болғанын алға тартып, тіпті тойдың асабасы да ерекше үйлену тойының болғанын растап үлгерді.
“Мынау халық сенбей жатыр кеше сен жүргіздің ғой тойды, бір ауыз сөз айтсаңшы”, – деп асабаға сауал тастады желі қолданушыларының бірі.
Сол арада асабаның парақшасында тойдың фотосы пайда болды.
“Бірден 3 әйел алған жігіттің тойын 22 жасымда жүргізген қалай кетті”, – деп жазған Дидар Аймұхан есімді асаба өз парақшасында.
“1 жігіт 3 əйел алды, эксклюзив тойды досым Дидар Аймұхан өткізді, не дейміз, 4 жас бақытты болсын”, – деп жазған Әлібекова Шолпан есімді өзге желі қолданушысы.
Бұл тойдың расымен болған-болмағаны әзірге белгісіз. Пікір қалдырушылардың дені той жарнама жасау мақсатында әдейі ұйымдастырылған деген ойда.
https://www.instagram.com/p/BS1S4HGhOS5/?taken-by=instavideo_kaz