Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Бәрібір жаптырам…”. Денсаулық министрі Қаскелеңдегі ауруханаға қатысты мәлімдеме жасады

https://kaz.365info.kz/beker-bardyn-myrat-abenov-birtanovtyn-khalaj-byzylyp-ketkenin-ajtty-318494

Сөйтіп, Алматыдан кетерінде министр:

– Бұл аурухана жабылады, бәрін жаңа ғимаратқа көшіреміз, қазіргісі жұмысқа жарамсыз

деп кесіп айтты.

БАҚ бұл ақпаратты сүйіншілеп, тарата жөнелді. Бәрі министр мықты десті. Бірақ біразға дейін ғана…

https://kaz.365info.kz/kyji-adamshoshyrlykh-zhagdajda-foto-318282

Көп ұзамай, бірнеше күннен соң „Қаскелеңдегі ауруханаға жабылмайтын болыпты„ деген ақпарат шықты.

Министрдің оң жамбасына келе қоймайтын мұндай ақпаратты Алматы облысының әкімдігі таратты.

„Тұрғындардан түскен арыздардан кейін, Алматы облысының әкімдігінде аурухананы жаппау туралы шешім қабылданды. Адамдар ауырсақ, сонау Талдықорғанға жете алмай қаламыз деп үрейленуде. Сондықтан оны жаппаймыз, күрделі жөндеуден өткіземіз. Оған қазір қаражат қарастырылып жатыр„ делінді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

https://kaz.365info.kz/sender-meningitten-koz-zhymgan-dimashtyn-anasy-ashhy-shyndykhty-ajtty-video-319121

Алайда облыс әкімдігінің бұл шешімі министрге ұнамады. Бүгінгі сөзінде ол бұл істі өзінің жеке қадағалауына алатынын да аңғартып қалды.

«Алматы облысының әкімшілігі Қаскелең қаласындағы инфекциялық аурухана туралы мәлімет берді. Облыстағы бірнеше ауданның науқастары осы мекемеге келіп жатады. Бірақ аурухананың жағдайы – өте нашар. Сондықтан 2017 жылдың қазанында Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті аталған мекемені арнайы тексеріп, әкімшілікке ауруханадағы кемшіліктерді жою қажеттігін ескерткен.

Әкімшілік «шілденің аяғына дейін бәрін жөндеп бітіреміз» деп, өзінің кепілдігін берген. Егер олар аурухананы жөндесе, мекеме өз жұмысын атқара береді. Егер талап орындалмаса, біз сот арқылы аурухананы жапқызамыз»,

– деді министр Үкімет отырысынан шыққан соң.

https://kaz.365info.kz/zingittej-zhigit-edi-olzhas-sylejmenov-meningitten-koz-zhymdy-318076

Мұнымен тоқтамаған министр:

«Біз Алматы облысындағы барлық ауылдағы объектілер санитарлық нормаға жауап беретін болады деп үміттенеміз», – деп салды.

Соған қарағанда, Алматы облысының ауруханалары биылдыққа тексеруден көз ашпайтын секілді.

Бұл үшін олар кімге „рақмет„ айтуы керектігін біз айтпасақ та ұққан болар…

https://kaz.365info.kz/tokhaev-yrsyp-sagyntaev-karine-mindi-birtanov-almatyga-baratyn-boldy-318336

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз