Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бәрі арзан”: Астаналық бойжеткен Шымкентті жер-көкке сыйғызбай мақтады

201
Otyrar.KZ

Үшінші мегаполисті алғаш рет көрген бойжеткен шымкенттіктердің қонақжайлылығына таң қалған.

Бойжеткеннің сөзінше, Шымкент — еліміздегі ең ірі әрі арзан қала екен.

“Бұған дейін топтағы қыздардан Шымкент жайлы көп еститінмін. Бірақ қалада болып көрген емеспін. Сәуір айында алғаш рет бардым.

Қонақжайлығында шек жоқ, бізді қыздың ата-анасы мен туыстары үш күн қатарынан күтті. Жолға тамағымыз бен ақшаға дейін салып берді. Әрқайсымызға сыйлық та таратты.

Бұрын Шымкенттің халқы қиын деуші еді, осы жолы бәрі керісінше екеніне көзім жетті. Біздің жақ дәл солар сияқты қонақ күте алмайды.

Ол жағынан бізге шымкенттіктерден үйренеріміз көп. Сосын тағы бір өзгешелігі, қызмет түрлері де, азық-түлік, киім-кешек бәрі арзан екен. Атақты шашлыктарынан да дәм таттық, өте дәмді”, – деп алған әсерлерімен бөлісті 3-курс студенті.

Сонымен бірге, ол солтүстіктің халқы шымкенттіктермен салыстырғанда әлдеқайда суық болатынын мойындайтынын жеткізді.

“Солстүстіктің халқы суық дегенде, бұрын төбе шашым тік тұратын. Олай емес, өте қонақжай деп шаң жуытпайтынмын. Бірақ Шымкентке барып, бүкіл ойымды өзгерттім. Расымен халқы өте жылы, кең.

Ағайын-туыстарымен де жақын араласады. Өте ұйымшыл. Бір-біріне ренжу дегенді де көп білмейді. Енді осы көргенімнен қорытынды жасап, өзім де сондай болуға тырысамын. Бәрі тек өз қолымызда”, – дейді студент қыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз