Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

“Барахолкадағы” өрт туралы кеш хабарланған

– “Олжа” базарының қоймаларында өрт басталғаны туралы хабар 101 қызметіне сағат 16:26-да түсті. Жеті минуттан соң алғашқы өрт сөндіру бөлімі қоймалардың ашық жанып жатқанын байқады. Бұған өрт туралы кеш хабарланғаны себеп. Өрт күшейіп кеткен еді. Оқиға орнында адамдар тұрмыстық тауарларын сыртқа шығарып, сапырылысып жүрді. Тұраққа қойылған көліктер де көп. өрт сөндіру гидрантындағы судың қысымы да төмен болды. Өрт сөндірушілер барғанда өрт аумағы бір мың шаршы метрден асып кеткен, – деді Бағдат Шайзада.

Оның сөзінше, қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Алматыдағы базарлардың өртеніп жатқаны бірінші рет емес. 2013 жылы қыркүйекте “Барахолка” атанып кеткен сауда орындары аумағында орналасқан “Олжа”, “Аян”, “Еуразия”, “Керемет” базарлары да өртенген. 2014 жылы қарашада осы аумақтағы “Құлагер” мен “Арал” базарлары да өртенді. “Алатау-2” базарында да екі рет өрт болды. Алғашқы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде базарлардың бірінің басшылығы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзды деп айыпталған. Басқа базарлардағы өрттердің шығу себептері ашылмаған күйі қалды.

2012 жылы қала басшылығы Солтүстік айналма жолын кеңейту үшін “Барахолкадағы” 34 базардың сүрілетінін хабарлаған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз