Экобелсенді Павел Александров өзінің Halyk Bank картасынан үлкен соманы басқа банктің картасына аударғанда шотынан 2% комиссия — бірнеше ондаған мың теңге ұсталып қалғанына наразы болды. Бастапқыда мобильді қосымшада комиссия 0 теңге боланы көрсетілген болатын.
Банктердің мұндай әрекеттері қаншалықты заңды екенін білу үшін 365info.kz редакциясы адвокат Сергей Уткинге жүгінді.
Адвокат атап өткендей, кез-келген банктік шотты ашқанда клиент әрқашан он немесе одан да көп беттен тұратын келісімшартқа қол қояды. Көп адам мұның бәрін оқып отыра алмайды. Бірақ егер аударым белгілі бір мөлшерден асып кетсе, комиссия өсетіні туралы ақпарат болуы керек.
— Немесе келісімшартқа барлық осы комиссияларды банк өзі бекітеді, ал клиент құжатқа қол қоя отырып, онымен келіседі деген тіркес енгізіледі. Келісімшарт онлайн режимінде жасалады — заманауи технологиялар бұған мүмкіндік береді. SMS-хабарлама электрондық-цифрлық қолтаңбаға теңестірілді. Бірақ адамға берілген ақпаратпен танысуға мұрша беріледі, танысқан соң барлық жерге белгі қою керек.
Мобильді қосымшада дұрыс ақпарат көрсетілуі тиіс. Бұл жағдайда банк әділетсіз әрекет жасады
Адал болу — азаматтық-құқықтық мүліктік шарттық қатынастардың барлық қатысушыларының міндеті. Егер қосымшада комиссия 0 теңгені құрайтыны көрсетілсе, адам бұл ақпаратқа сенеді, ал нәтижесінде шығынға ұшыраса наразылық туатыны дұрыс.
Егер банкте қосымша мұны ескермейді деп жауап берсе, неге деген сұрақ орынды. Бұл әдейі жасалды ма, әлде біреудің абайсыздығынан жасалды ма — бәрібір. Адам ақша аударатын кезде қосымшада үлкен соманы енгізіп, комиссия өскенін көрсе, мұнымен келісуге және операцияны жалғастыруға немесе ақша аударудың басқа әдісін таңдауға мүмкіндігі болуы керек. Және күтпеген шығындарға тап болмайды.
Бұл дүкендегі жағдай сияқты, сатып алушы баға белгісінде бір бағаны көреді, ал кассада олар оны басқа, жоғары бағамен ұсынады. Бұл жағдайда сатушынікі сөзсіз дұрыс емес.
Заңды түрде бұл оферта деп аталады. Бұл термин Азаматтық кодексте кездеседі және белгілі бір тауарды немесе қызметті белгілі бір бағамен сату туралы ұсынысты білдіреді. Егер шарт орындалмаса, клиент бұл соманы талап ете алады
Сергей Уткиннің байқауы бойынша, банктер қосымша пайда табу үшін түрлі қулық-сұмдыққа барады. Мысалы, келісімшартта кейбір шарттар бөлек және ұсақ шрифтермен жазылады.
— Бұл барлық банкке тән. Ал түрлі тәсілдермен алдауды болдырмау үшін Ұлттық Банк осымен күресіп, заңнаманы жетілдіре отырып, талаптарды қатайтып жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, банктер одан кейін жаңасын ойлап табады.
Комиссия мобильдік қосымшада көрсетілмеген жағдайда, Ұлттық Банктің мобильдік қосымшаны реттейтін қандай да бір нормативтік құжаты бар-жоғын білмеймін. Әлі жоқ шығар. Бірақ егер бұл құқықтық қатынас заңмен реттелмесе де, кез-келген судья парасаттылық, адалдық және әділеттілік қағидаттарынан банктікі дұрыс емес екенін айтады
Басқа да айлакерліктер бойынша, біріншіден, Ұлттық Банктің нормативтік-құқықтық қаулыларына қарау керек, екіншіден, клиенттердің өздері шарттарды мұқият оқып шығуы керек, — деп атап өтті Уткин.
Қалай болғанда да, банк саласында да бәсекелестік орта бар. Егер жеке бір банк жосықсыз әрекет етсе, бұл туралы көпшілікке жариялау керек. Мұндай банктен әлеуетті клиенттер бас тартады. Адвокаттың айтуынша, бұл адал жұмыс істеуге ынталандыратын нарықтың көрінбейтін қолы.