2020 жылдың желтоқсан айының өзінде Қазақстан банктері несие портфелін 172,7 млрд теңгеге арттырды.
Желтоқсан айында несие қоржынының көлемі 172,7 млрд-қа ұлғайды, оған қоса бұл ай берілген кредиттердің ұлғаюы үзбей байқалған бесінші ай болды. Алайда, алдыңғы айға қарағанда, желтоқсан айында негізгі өсімді кері РЕПО операциялары қамтамасыз етті: олардың көлемі 290,3 млрд теңгеден 498,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Қазіргі көрсеткіш – қалай болғанда да 2017 жылдың басынан бастап есептегенде ең жоғары болып табылады (одан бұрынғы деректер жоқ).
Айта кету керек, кері РЕПО – бұл алдын-ала келісілген бағамен кері сату міндеттемесі бар бағалы қағаздарды сатып алу операциясы. Басқаша айтқанда, бұл бағалы қағаздарды кепілге қою арқылы қысқа мерзімді қарыз түрі.
Желтоқсан айында кері РЕПО бойынша ең көп көрсеткіш “Халық банкінде” байқалды: бір ай ішінде осындай қарыздардың көлемі 59,7-ден 164,3 млрд. теңгеге дейін өсті, Bank RBK көрсеткіші де айтарлықтай өсті – 6,4-тен 88,3 млрд. теңгеге дейін көтерілді. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл ЕДБ осы әрекетке салынған қаражат көлемі бойынша көш бастап тұр.
Жалпы несие беруге келетін болсақ, желтоқсан айында 26 отандық ЕДБ-нің 17-інде несие қоржыны өсті. Ең жоғары өсім көрсеткендер:
Сонымен қатар алғашқы үш банктің несиелік портфельдері қазір өздері үшін банк тарихындағы ең жоғары деңгейде.
Берілген несиелердің жалпы көлемінің айтарлықтай төмендеуі АТФБанкте байқалады: сату алдында бұл ЕДБ 247,9 млрд (өзінің несие қоржынының 30%-ға жуығын) теңгеге “азайтты”. Сатып алушы болып табылатын Jysan bank өз көрсеткіштерін 35,5 млрд-қа төмендетті (төмендеу 3 ай қатарынан орын алды). “ЦентрКредит Банкінің” несие қоржынының қысқаруы 36,5 млрд теңгені құрады.
“АТФБанк” несие қоржынын қысқартып қана қоймай, сонымен қатар оның сапасын айтарлықтай жақсартты. Осы ЕДБ-де төлем мерзімі өткен несиелердің көлемі желтоқсан айында 5 есе азайды! Егер қараша айының қорытындысы бойынша жалпы көлемі 207,8 млрд теңгені құраса, бір айдан кейін – 40,8 млрд теңге болды.
Сонымен қатар, Ұлттық Банк “Халық банкінде” де жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді: ай қорытындысы бойынша мерзімі өткен төлемдердің көлемі үштен бірге төмендеген немесе 132,7 млрд. теңгеге азайған. Қазір мерзімі өткен төлемдердің жалпы көлемі 270,2 млрд. теңгені құрайды, бұл Kazkom-мен біріккенге дейінгі көрсеткіштен сәл ғана артығырақ: 2018 жылғы шілде айының басында көрсеткіш 247,9 млрд. теңгені құрады.
Бұл банктердің динамикасы республикада төлем мерзімі өткен кредиттердің жалпы көлемі 454,8 млрд теңгеге қысқаруына әкеліп, 1 трлн 528,7 млрд теңгені құраған. Бұл қалай болғанда да 2016 жылдың басынан бастап есептегенде ең төменгі көрсеткіш. Жалпы несие қоржынындағы осылардың үлесі 9,68%-ды құрады – мұндай жағдай соңғы 5 жылда болмаған.
Төлем мерзімі 90 күннен және одан да көп уақыт асып кеткен несиелерге қатысты жағдай да осыған ұқсас. Банктердің жалпы кредиттік қоржынындағы NPL үлесі 7,86%-дан 6,82%-ға дейін төмендеді, бұл 5 жыл ішіндегі ең төменгі мән болып табылады (2016 жылдың қаңтар айында көлемі 0,1 м.ө.т. аз болды). Уытты қарыздардың көлеміне келетін болсақ, ол 151,1 млрд-қа – 1 трлн 077,1 млрд теңгеге дейін төмендеді және бұл 2019 жылдың басынан бергі ең төменгі мән.