Ақша сұрау жеңілдегенімен, оны алу — қиындау.
2018-2019 жылдары тек шағын бизнес тиісінше 15,8 және 15 мың өтінім түсіріпті, 2020 жылы көрсеткіш 112,3 мыңға дейін, ал 2021 жылы бірден 697,4 мыңға дейін көтерілді, бірақ бәрі бірдей қанағаттандырылмаған. ЕДБ-нің жалпы кредиттік қоржынындағы шағын бизнеске кредиттердің үлесі небәрі 19,4%-ға жетті, бұл – 2002 жылғы деңгейден төмен.
— Егер 2018-2019 жылдары шағын бизнеске мақұлданған кредиттердің үлесі 57,1% және 66,5%-ға тең болса, 2020 жылы ол 36,6%-ға дейін, ал 2021 жылы 31,7%-ға дейін төмендеген.
Салыстырып көрсек: 2021 жылы ірі және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мақұлдау деңгейі тиісінше 44,8% және 54%-ға жетіпті. Сонымен қатар, келіп түскен өтінімнің орташа мөлшері айтарлықтай төмендепті: мәселен, тоқсан ішінде сома үш еседен астам — 2021 жылдың төртінші тоқсанында 6,7 млн теңгеге дейін қысқарды, — деп атап өтті портал авторлары.
Экономист әрі кәсіпкер Әсет Наурызбаев бұл жағдайда таңғалатын мәселе емес екенін айтады. Біздің порталға сұхбат берген оның пікірінше, жағдайдың дәл осылай қалыптасуының қисыны бар. Мәселе басқада.
— Өтінімдер мен мақұлдамаудың бұлай өсуі қайдан пайда болады деп ойлайсыз?
— Шындығында, логикасы өте қарапайым. Егер орташа өтінімнің мөлшері азайып, жалпы саны көбейсе, онда жаңа адамдар келді деген сөз.
Бұл өз ісін жаңа бастаған қарыз алушылардың басқа санаты, олардың ірі кәсіпорындары аз,
мұндай үлкен ақшаға мұқтаж емес, бірақ әлі де қажет. Олар бүкіл көріністі өзгертті.
Қазір жаңа мүмкіндіктер беретін жаңа технологиялар келе жатыр. Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнеске арналған қосымшасында сол Kaspi-ге несие беру мүмкіндігін жеңілдетті.
Сәтсіздіктерді де оңай түсінуге болады. Тәуекелдерді бағалаудың скорингтік жүйесі жұмыс істейді (цифрлық статистикалық әдістерге негізделген адамның несие қабілетін бағалау жүйесі – еск.)
Жаңа қарыз алушыға оң кредиттік тарихы бар қарызгерге қарағанда ақша алу қашанда қиын
Жаңа қарыз алушылар неғұрлым көп келсе, бас тарту саны соғұрлым көп болады, өйткені олардың барлығы барлық талапқа сай бола бермейді.
— Өтінімдердің артуы адамдардың пандемияға жұмыс орындарын жоғалтуымен, содан кейін жаңа жұмыс орындарын таппауымен және өмірлік жағдайлардың қысымымен өздерін бизнесте сынап көруді шешуімен түсіндірілуі мүмкін бе?
— Жоқ, меніңше олай емес. Мұның себебі бизнесті (яғни ЖК) тіркеудің де, несие алудың да электронды байланыссыз тәсілдерінде болуы мүмкін. Көлеңкелі секторда жұмыс істеген адамдар сол ЖК арқылы «тазара» бастады — мұның тиімді екенін түсінеді.
Әрі қарай бұдан да көп болады. Бум басталады.
Содан кейін шектеулерге әкелетін қайтарымдар кетеді. Нәтижесінде, бір сәтте бәрі қалыпты көлемге келеді
— Яғни, қазір бізде бұл салада бәрі жақсы және алаңдайтын ештеңе жоқ па?
— Мәселе басқада. Кейінгі уақытта бізде банк жүйесі көбінесе бөлшек сауда нарығына қарай дамыды. Яғни, бағдарламалар жаппай тұтынушыларға, тұтынушылық несиелерге назар аударды, бірақ іс жүзінде бизнеспен айналыспады. Бұл тұрғыда банк нарығы жай ғана жиіркенішті болды – бұл басты мәселе.
Тек бөлшек сауда өнімдерінің сапасы жақсы, ал корпоративтік кредиттеу бөлігінде мазаққа айналдырғандай сервистері мен технологиялары бар
Үлкен-үлкен кепілдіктер қажет болды – несие алу үшін бәрін, тіпті әйеліңді қоса кепілге қой дейтін. Қазір жобалық қаржыландырудың ешқайсы да жоқ.
Корпоративтік сектор әлі күнге дейін зардап шегуде. Әрине, несие берудің электронды тәсілі пайда болғаны жақсы. Бірақ корпоративті несие беруде бұл елеулі емес. Жобалық қаржыландырудың қандай да бір бөлігін “Даму” орындайды, бірақ мұны банктер өзі жасауы тиіс. Бірақ олар мұндайды білмейтін сияқты.
Қазір несиелеу нарығы баяу өсе бастады, жаңа өнімдер пайда болуда. Сервис деңгейі бойынша тұтыну нарығына жақындап келеді. Сондықтан кәсіпкерлер несие алады деп күтуге болады. Бірақ бәрі
банк нарығы қай бағытқа ауысатынына байланысты – жақсару немесе осы уақытқа дейін нашарлау жағын ма, осыған келіп тіреледі.