Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Балық бітті». Атырау облысында теңізден балық аулауға шектеу қойылмақ

Соңғы бес жылдың өзінде Атырау облысы ойынша өндірістік бағыттағы балық аулау екі есеге кеміді. Бұрын 25-30 мың тонна болса, қазір 12 мың тоннаға дейін төмендеген. Балықшылардың айтуынша, бұл жоспардың өзін игеру қиын. Өңделген балық көлемі былтыр 9,8 мың тонна ғана шықты. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3 мың тоннаға кем. Ихтиолог ғалымдар мұны балықтың азайуымен байланыстырады. Сондықтан теңіз жағасынан 50 шақырым аумақта балық аулауға тыйым салуды ұсынып отыр.

Мәншүк Темешова, aумақтық жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы:

– Бұл аталған шаралар, әрине, кейбір табиғат пайдаланушыларына аса ауыр тиеді. Себебі Каспий теңізінің ашық бөлігінде кәсіпшілік балық аулауды ұйымдастыру үшін материалдық-техникалық базалардың дамығандығы керек. Менің ойымша, бұл біздің Атырау облысының табиғат пайдаланушыларының дамуына себепкер болады. Яғни су көліктерін жаңадан сатып алуға, ау құралдарын жаңартуға. Сонымен қатар балық қорының сақталуына бірден-бір себеп болады.

Бірақ мұндай талаппен келіспейтін тараптар да бар. Өйткені ашық теңізге шығу үшін балықшыларға үлкен кемелер қажет әрі ондай техниканы шағын өндірістік кооперативтер сатып ала алмайды. «Дегенмен балық шаруашылығының болашағы, табиғи қорды сақтап қалу мақсатында мұндай күрделі қадам жасау маңызды», – дейді мамандар.

Санат Тілепбергенов, өндірістік кооператив өкілі:

– Тәжірибе ретінде бастадық, қазіргі жұмыстарымыз жаман емес. Былтыр сол жарақтарымызбен 137 тонна балық ауладық. Теңіздің қиындықтары мол, оны білдік. Штормдарға қарсы тұру керек болды, біріші мезгілде ау құралдарымызды жаратып алдық. Бірақ кейін күзде құрғанымызда нәтижесін берді. Амандық болса, осы көктемде 20 құралдарды саламыз, жаңа құралдар.

Сонымен қатар берілген лимитті екі жыл қатарынан орындай алмаған өндірістік кооперативтерге берілетін рұқсат көлемін азайту мәселесі де қаралды. Бұл көлеңкелі бизнесті тоқтатуға күш салады. Сондай-ақ браконьерліктің тамырына балта шабу үшін өзендер мен теңіз жағалауына жақын қоныстанған елді мекендерде құқық қорғау органдарының бөлімшелерін ашу жоспарланып отыр.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазиев

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз