Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Баласы өлгелі жатыр…”. Дінінен адасқан әке қызына қан құйдыруға қарсы шықты

«Киелі жазбада құдайға құлшылық ететіндер бөтенмен қанын араластырмау керектігі айтылған. Бұл өте маңызды.  Екіншіден құйылатын қан қандай, кімдікі? Оны құйғанымен баланың аман қалуына кепіл жоқ.

Оған қанды алмастыратын сұйықтықтарды құйса да болады ғой», – дейді сәбидің әкесі Андрей Колесников.

Қазір шақалақтың өкпесі дұрыс жұмыс істемей өлім мен өмірдің арасында жатыр екен. Дәрігерлер ауа қысымының өзгеруі мен қатты дауыстан- ақ қан тамырлары жарылып кетуі мүмкін дейді.

Алайда, емге дәру болатын қан құюдан құдай жолындамыз деген ата-ана  ат тонын ала қашқан. Осыған байланысты перзентхана ұжымы қорғаншылық және қамқоршылық бөліміне арызданды. Құзырлы орган өкілдері жас анаға  қанша түсіндіргенімен, олар алған беттерінен қайтпаған көрінеді.

Сондықтан енді олар «Иегова куәгерлерін» уақытша ата ана құқығынан айырып, баланы өз қарауына алуға әрекеттеніп жатыр. Өйтпесе, шала туылған шақалақтың адам болуы екіталай екен.

Арай Ділдәбекова, Қарағанды қалалық білім бөлімі қамқоршылық секторының жетекшісі:

– Егер де бала мен ата ананың арасындағы көзқарастар қарама-қайшылық туғызса, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі заңға сәйкес уақытша қорғаншы тағайындауға құқысы бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз