Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Балаларың өліп қалсын” деген жігіт ұсталды

“Іздеу шараларын жүргізіп, Chevrolet және Nissan Murano көліктерінің жүргізушілері кім екенін анықтадық. Олар бөлімшеге шақыртылып, 596-баптың 1-тарауы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әйел адамға тіл тигізген жүргізуші көлікті құжатсыз жүргізгені үшін оған қосымша хаттама толтырылды, ал көлік айып тұрағына қойылды”, – дейді іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Кінәлі жігіт полиция бөлімшесінде отырып әйелден және барша қазақстандықтардан кешірім сұрады. “Кеше кешке жол жабық болды, сондықтан тротуармен кеттім. Ыңғайсыз жағдайға түсіп қалдым. Ашумен айтып жібердім, өздігінен шығып кетті. Бұл үшін Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Балаға тіл тигізгім келген жоқ, ол әйелден де кешірім сұраймын, енді мұндай қайталанбайды”, – дейді ол.

kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз