Бразилиялық Miss BumBum ең үлкен бөксе байқауының ұйымдастырушылары балалар ойыншығын шығарды. Жаңа қуыршақ психологтар мен ата-аналарды шошытты.
Барби қуыршағына сары су киімі кигізілген. Жалаңаш денесінен үлкен бөксесі бірден көзге түседі деп хабарлады Stan.kz.
“Бұл – маңызды мәселе. Қыз бала пластикалық отасыз мұндай сымбатты бола алмайды”, – дейді депутаттыққа үміткер Сара Винтер парламент отырысында. Ол ұйымдастырушыларды жауапқа тартуға шақырды. Оны профессор Лениз Борхес де қолдады.
Байқаудың ұйымдастырушысы Какау Оливер балалар оның аудиторияы емес екенін айтты.