Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Балалар зиянды тамақтар мен антиваксерліктің құлдарына айналды – ЮНИСЕФ

133

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен ұйымның 75 жылдығына орай қазақстандық балалардың негізгі мәселелері туралы өз бақылауларымен бөлісті.

Вакцинация – қағаз жүзінде және тәжірибеде

— Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер үшін үш бағыт — денсаулық сақтау , тамақтану және психологиялық жай-күй маңызды мәселелер болып табылады, – деп атап өтті ЮНИСЕФ өкілі. — Біріншісінен бастайын.

Вакцинация мәселесі өзекті болып тұр. Тіпті жоспарлы вакцинация. Қағаз жүзінде, яғни ресми түрде,

Қазақстанда балаларды қызылшаға қарсы егу бойынша  көрсеткіш өте жақсы — 95%-дан астам. Алайда, 2019 жылы қызылшамен 13 мыңнан астам адам ауырғаны тіркелді

Бұл вакцинациямен қамтуда үлкен қиындықтар бар екенін көрсетеді. Сондай-ақ, жоспарлы вакциналарға қарсы көрсетілімдері бар балалардың саны артып келе жатқанын байқап отырмыз. 2020 жылы вакциналардың белгілі бір түрлері бойынша 22 мың бала медициналық кейінге қалдыру рұқсатын алды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 38%-ға көп.

Артур ван Дименнің айтуынша, мұндай статистика тек вакцинацияланған және вакцинацияланбаған балалар арасындағы алшақтықтың өсуін растайды

Ақыр соңында, Қазақстанға екпенің көмегімен ел сәтті жеңген аурулар қайтып келуде.

— Басты себептердің бірі — вакцина алудан бас тарту, – деп санайды ЮНИСЕФ өкілі. — Мысалы, кейбір ата-аналар балаларына “чип салады” деген сияқты қастандық теорияларына сенеді. Басқалары тіпті ойға қонымды сұрақтар қояды – үкімет вакцинаның шынымен қауіпсіз екендігіне және баланың ауырып қалмайтынына қалай сенімді бола алады?

Артур ван Дизен, Қазақстандағы ЮНИСЕФ фотосы

ЮНИСЕФ-тегі антиваксерлікпен күресудің жалғыз тәсілі халықпен дұрыс қарым-қатынас жасау болып саналады, олар көбінесе қауесеттер мен аңыздардың қысымына ұшырайды. Ұйым Қазақстан үкіметімен бірлесіп egu.kz веб-сайтын құрды, онда вакциналар туралы барлық ақпараттар, вакцинация күнтізбесі және ата-аналар мен медицина қызметкерлерінің жиі кездесетін сұрақтарға жауаптары бар. Сондай-ақ, ван Дизен мырза балаларға COVID-19 вакцинасын егудің басталуы ата-аналардың қарсылығына тапи болғанын растады.

Медициналық кейінге шегерулер – жаңа шабуыл

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі қазақстандық ата-аналар “чиптеу” туралы ішкі нанымдары немесе айтылған әңгімелер салдарынан балаларыны вакцинацияламай отыр ма деген сұраққа, антиваксерлік – бүкіл әлемдік мәселе екенін айтты.

– Бұл коронавирустық пандемиядан бұрын да болған, және ол басталғаннан кейін тіпті өзекті болып кетті”, — деді Артур ван Дизен. – Сондықтан ЮНИСЕФ халықты сауатты және креативті ақпараттандыру тұрғысынан әлемнің көптеген елдерінің үкіметтерімен жұмыс істейді. Әрине, вакциналар, олардың шығу тегі, құрамы және тасымалдануы туралы ақпарат ашық болуы өте маңызды. Жарияланған деректер аз күмән тудырады.

Қазақстанда медициналық кейінгі шегерулердің 38%-ға өсуіне қатысты ЮНИСЕФ зерттеуі олардың басым бөлігі жалған екенін көрсетті

— Вакцинациядан медициналық кейінге шегерудің шынайы себептері өте аз және өте сирек кездеседі, – дейді ван Дизен мырза. – Себептерінің бірі – ақпараттандыру. Тек ата-аналар ғана емес, медициналық қызметкерлер де. Себебі, белгілі болғандай, тіпті дәрігерлердің арасында вакцинадан бас тартқандар бар.

Біз отбасылық дәрігерлер альянсымен бірлесіп, халықпен байланысатын медицина қызметкерлеріне тренингтер өткіздік

Көптеген күмәнданған ата-аналар балаларды вакцинациялаудан бас тартқаны белгілі болды, өйткені оларды қызықтыратын сұрақтарға ешкім дұрыс жауап бермейді. Дәрігерлердің оған уақыты жоқ.

ЮНИСЕФ өкілі қазақстандық балаларда жалған медициналық кейінге шегерулердің қайдан шыққаны туралы айтпады. Енді айтпаса да түсінікті – кез-келген құжатты сатып алуға болады. Бұл тек антиваксерлік атмосфераны күшейтеді. Әрине, денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны өндіруші және оның қолданылу географиясы туралы толық ақпаратпен жоспарлы егулерді жүргізуге кедергі келтірмейді.

Зиянды нәрсенің барлығы көз алдыңда

— Қазақстанда балалар тап болған екінші маңызды мәселе – дұрыс тамақтанбау, – дейді ван Дизен мырза. — Біз артық салмағы бар және семіздік басқан балалардың саны өсіп келе жатқанын көріп жүрміз.

Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, бес баланың біреуінде артық салмақ, ал 6%-ы жақында семіздік проблемаларынан зардап шегеді

Өкінішке орай, бұл проблема тек Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар балалардың тез және зиянды тамақтануға және физикалық қозғалысты алмастыратын құрылғыларға қол жеткізе алатын елдерге де тән.

Сарапшы балалар мен жастарды дұрыс тамақтануға тарту мәселелеріне мемлекет қана емес, бизнес өкілдері те көңіл бөлуі керек деп есептейді. Өйткені

супермаркеттерде балаларға арналған ең тартымды — және, әдетте, ең зиянды өнімдер — балалардың қолы жететін кһрелерге қойылған

Керісінше, оларды қол жетімді аймақтан алып тастау керек.

— Кейбір елдер енгізген тағы бір табысты тәжірибе — тамақты таңбалау, – деп атап өтті ЮНИСЕФ өкілі. – Қызыл, қызғылт сары, сары және жасыл жапсырмаларды қолдану балаларға өнімнің денсаулыққа пайдалы немесе зияндылығы туралы түсінік береді. Тағы бір шешім — қаржылық тәсіл, яғни зиянды өнімдерге көбірек салық салу. Мысалы, құрамында қант көп тағамдарға. Сондай-ақ, мен білім және ғылым министрлігімен бірлесіп мектеп асханаларының жұмысын ұйымдастыру мәселесін жүзеге асыруды армандаймын. Балаларды онда зиянсыз тағамдармен тамақтандыру үшін.

Осы шаралардың кез келгенін жеке-жеке қолдану қажетті нәтижеге әкелмейтінін атап өтемін. Балаларды дұрыс тамақтануға баулу – бұл көп сатылы жұмыс

ЮНИСЕФ ұсынатын нәрсе, сөзсіз, дұрыс идеялар. Бірақ Қазақстанда олар халықтың менталитетіне, сондай-ақ дәстүрлі талғамына байланысты іске асырылмайды. Мысалы, әлемдік тәжірибеде өнімдерді түстер бойынша таңбалау барлық жерде сәтті болған жоқ. Дамушы әлемде эксперименттер сәтсіз аяқталды, өйткені балалар көбінесе көге түсе бермейтін баламасына қарағанда ашық түсті зиянды тағамдарға бірінші қол созады.

Тыйым салу және шектеу — шығар жол ма?

Құрамында қант бар өнімдерге салықтың жоғары болуы — Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің адамдардың қалыптасқан дағдылары мен құмарлықтарын мұқият зерттемей жатып, белсенді түрде атқарған ісі.

ДДСҰ мәліметтері бойынша қазақстандықтарға газдалған тәтті сусындар емес, транс майлар мен тұздар көп зиян тигізеді

Біздің елде адамдар дәстүрлі түрде қантты газдалған сусынға қарағанда таза түрінде кондитерлік өнімдер арқылы және шаймен бірге көп тұтынады. Сонымен қатар, статистика қазақстандықтар тәтті сусындарды американдықтардан төрт есе аз ішетінін айтады, бірақ АҚШ-та ешкім газдалған сусынға ауқымды салық салуды ойламайды.

Балалардың салауатты өмір салты үшін күресте табиғи таза өнімдер бағасының қымбат болуы қиындық туғызады. Көкөністер ет бағасымен бірдей, бұл көптеген қазақстандық отбасылар үшін тым қымбат. Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықты жергілікті фермерлердің күшімен өсірілген арзан тағаммен қамтамасыз етуге күш салғанына қарамастан, азық-түлік құнының өсу қарқыны сақталуда.

Мектеп асханаларына келетін болсақ, балаларды пайдалы ас мәзірімен қамтамасыз ету бұл сала бизнес болып тұрғанда мүлдем мүмкін емес. Сонымен қатар, мектеп асханаларындағы бағалар орташа кафе мәзіріндегі бағалармен салыстыруға тұрарлық.

Сұраныс ұсынысты тудыратындықтан, буфеттер чипсы мен газдалған сусынды дүкендікінен жоғары бағамен сатқысы келмейді

Ата-аналары үйде зиянды тағамдарды тұтынуды шектеуге тырысатын бала нені таңдайды – пайдалы көкөніс салатын ба әлде шоколадты ма? Жауап айқын. СӨС бүкіл отбасының таңдауы болатын жағдай өте сирек.

Артур ван Дизен мектептердің жанында жылыжайлар салынған Батыс елдерін мысалға келтірді. Оларда балалар өсімдіктерге күтім жасауды үйренеді, содан кейін оның өнімдері мектеп асханасына түседі. Қазақстанда мұндай тәжірибені мүлдем елестете алмаймыз. Әр мектепте жабдықталған және қауіпсіз дәретханалар жоқтығын айтпағанда, мектеп жанындағы жылыжай сияқты қарқынды дамуды елестету қиын.

Психолог керек, бірақ қымбат

— Қазақстан үшін ең өткір үшінші мәселе балалар мен жастардың психикалық денсаулығына байланысты, – деп санайды ЮНИСЕФ өкілі. – Пандемия бұл мәселені одан сайын күшейтті. Ұзақ жылдардан бері Қазақстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицид рейтингінде жоғары орындардан көрінуде.

Сұрақтарға жауап іздеп жүріп, біз мынаны білдік

өз-өзіне қол жұмсау, әдетте, балалардың әлдеқайда ертерек бастан өткерген оқиғасының салдары болып табылады. Көптеген жағдайларда бұл зорлық-зомбылық пен ата-аналарымен және жақын адамдарымен берік байланыстың болмауы

Біз Қазақстан үкіметімен бірлесіп Қызылорда және Маңғыстау облыстарында зерттеу жүргіздік. Мектептерде мұғалімдер және мектеп психологтарын балалардағы депрессияның алғашқы белгілерін анықтауға үйреттік. Әдетте олар психикалық денсаулығына байланысты қиындықтың бар екендігі туралы нақты белгілер береді — балалар оқшауланады, сүйікті хоббиіне деген қызығушылығын жоғалтады, мектептегі үлгерімі төмендейді. Ең қауіптісі, мазасыздық пен депрессия кезінде балалардың басындағы қиындығымен бөлісетін ешкімі жоқ, мұндай кезде ата-аналары маңызды рөл атқарады.

Көптеген қазақстандық отбасыларда тәрбиелеудің авторитарлық тәсілі бар. Өкінішке орай, балалар мен ата-аналар арасында сенімді қарым-қатынас орнамаған

Және бұл үлкен мәселе.

Артур ван Дизен Қазақстанның мектеп психологиясы институтын ұйымдастырудағы үлкен жетістіктерін атап өтті. Алайда, бұл шара мәселені толығымен шешпейді: мектепте балалар көп, ал психолог біреу. Оның үстіне

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ата-аналарының келісімінсіз психологиялық көмек көрсетуге шектеу қойылған

Бұрын шектеу 18 жасқа дейін болатын, ал оның екі жылға төмендеуі де үлкен жетістік. Бірақ ЮНИСЕФ зерттеулері көрсеткендей, жас шектеуін тағы да түсіру қажет.

БҰҰ Балалар қоры, сонымен қатар, мемлекеттің балалар мен жастарды қолдауға арналған көптеген жақсы жобалары бар екенін мойындайды, бірақ бар қиындық оларды жүзеге асыруда.

Мектеп психологтары қанша жалақы алады? Айына 100 мың теңгеден сәл жоғары. Дәл осындай ақшаны жеке тәжірибедегі білікті психологтар 22 жұмыс күні үшін емес, орташа есеппен бес сағат ішінде таба алады

Демек, коммерциялық нарықта сұранысқа ие болу үшін тәжірибе жинауды қажет ететін жаңадан келген мамандар көбінесе мектептерге барады деген қорытынды шығады. Кешегі университет түлегі депрессияға ұшыраған жасөспірімге көрсете алатын көмектің сапасы үлкен мәселе. Ал жеке психологтың қызметі сағатына орта есеппен 20 мың теңге тұрады, ет бағасымен бірдей көкөністерге ақша таба алмайтын көптеген отбасылар үшін бұл үлкен мәселе.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз