Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Балалар қашықтықтан оқытуды қалай айналып өтті – балалар психиатры (жалғасы)

Сергей Скляр, фото vlast.kz сайтынан

Анашым, әке, біз психиатрға барамыз

— Олар: “О не дегенің, бізде бәрі жақсы, қайдағы психолог?» дейді.

– Иә, солай.

– Ата-анасына психолог маманның кеңесі қажет екенін түсініп, ата-анасын ертіп  келген балалардың ең кішкентай жасы нешеде болды? 

– Мектептің бастауыш сыныптары. Бірақ бұл жаппай құбылыс емес, жекелеген жағдайлар. Көбінесе, әрине, 12-15 жастағы жасөспірімдер.

– Жиі келетін ұлдар ма, әлде қыздар ма?

– Көбінесе қыздар көп, өйткені оларға эмоционалдық күйін көрсету оңай, олар үшін бұл әлеуметтік қолайлы.

– Психологиялық және психиатриялық көмекке жиі жүгінетін отбасылардың әлеуметтік жағдайы қандай?

– Мұның бәрі маманға байланысты. Олар кез-келген маманға бара алмайды. Маған орташа мәртебеден бастап, одан жоғары деңгейге дейінгілер жүгінеді. Бірақ бұл басқа балалар психологтың көмегіне баруды талап етпейді дегенді білдірмейді. Олардың мұндай мүмкіндігі бар ма және оны қалай жүзеге асырады, бұл басқа мәселе.

— Жасөспірім психологтан отбасылық терапия алуды талап еткен кезде алғашқы кездесу қалай өтеді? Ата-аналар мұндай қадамға бір айтқаннан келіспейтініне сенімдімін.

— Кейде ата-аналар келісімін бергенше 5-7 жыл өтеді.

— Олар психиатрға бару науқанын қалай қабылдайды?

— Олар әрдайым психиатрға агрессивті түрде барады. Сондықтан олар маған психолог ретінде келеді. Немесе “психотерапевт” сөзі оларды тыныштандырады. Бала өзін-өзі зақымдаған жағдайда психиатрға барғандай келеді.

Бірақ мұндай жағдайларда қиындықты анықтау мен нақты емделу арасында 5-7 жыл кетеді, кейде одан да көп

Ата-аналардың баламен арасындағы ұиындыққа деген көзқарасының өзгеруі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен олар назар аудармайды. Содан кейін олар қиындықты өздері шешуге тырысады. Содан кейін агрессия басталады. Содан кейін жағдайды қабылдайды. Яғни кезеңдер әртүрлі. Егер ата-ана сабырлы болса, бірінші келгенде-ақ жақсы нәтиже береді.

Алдымен ата-анаға, содан кейін балаға көмек

– Олар кеңес алуға қандай көңіл-күймен келсе де, маман олардағы қиындықтың күрделілік дәрежесін тез арада көрсете алады. Сонымен қатар бүкіл отбасымен келуге шешім қабылдағандары – дұрыс шешім екеніне сендіреді.

Балаға, отбасын араластырмай көмектесу мүмкін емес. Себебі бала бәрібір үйіне оралады

Ал маманмен жұмыс аптасына бір сағатты алады, кейде одан жиірек болады. Өзгеріске деген қандай да бір беталысты бекіту үшін  бүкіл отбасы қажет, бұл жерде өзгерістер туралы айтып тұрған жоқпын. Сондықтан маман әрқашан ата-анамен сөйлеседі. Әңгімелесуге берілетін 50 минуттың 15-20 минуты, кейде жарты сағаты ересек адамдармен сөйлесуге кетеді. Тек содан кейін ғана баламен жұмыс басталады. Бұл тек формальды келісім ғана емес, онсыз мен дәрігер ретінде кәмелетке толмаған баламен байланыс орната алмаймын, байланыс орнату деген осы.

Егер ата-ана түсінсе, онда мен балаға да көмектесе аламын

Егер ата-ана бұл даңғойлық екеніне сенімді болса және мұнда “жай психологқа бардық деген ат үшін” келген болса, ол баланы одан кейін қабылдамаймын.

— Сіз қиындықтарын шешіп берген соң бақытты тәрізді көрінген отбасылар, араларында біреуі “шыдамағандықтан”, кенеттен бұрынғы қиындықтарына қайтып келген кездері болды ма? Кім көбірек шыдамсыз, бала ма әлде ата-ана ма?

— Егер ата-анасы шыдаса, балада қиындық тумайды. Бала әрқашан да ата-ананың жалғасы. Балалар – ересектердің көрінісі. Балада невроз болуы мүмкін емес – егер біз ауыр психикалық бұзылулар туралы емес, невроз туралы айтатын болсақ. Ата-ананың дені сау және айналасындағы жағдайы қалыпты болған кезде, балада неге невроз болуы керек? Ол мүмкін емес!

Әрқашан бақытты болу – патология

— Барлық отбасылардың бақыты үшін қандай кеңестер айтар едіңіз? Егер қиындық туындаса, отбасылар маманға бармай-ақ өздерінің бақытты кездеріне қайта орала ала ма?

— Өкінішке орай, бақыттың нақты анықтамасы жоқ. Толстойдың бір қанатты сөзі бар:

“Барлық бақытты отбасылардың бақыты бірдей, ал әрбір бақытсыз отбасының өз бақытсыздығы бар”.

Тиісінше, бәріне ортақ кеңес беруге болады, бірақ ол бәріне көмектеседі ме? Олай болмайтын сияқты.

Ең алдымен, байланыс орнату, көмектесуге және басқаларға қажет болуға ұмтылуды ұсынамын. Егер ата-аналар мұны балаларына үйретсе және өздері де солай істесе, менің ойымша, олар бақыттың осы күйіне өте жақын болады.

Бірақ бақыттың тұрақты күйі жоқ. Мұндайды мен қандай да бір патология, маниакальды жағдай деп бағалаймын. Үнемі бақытты болу – бұл қалыпты жағдай емес

“Оқшаулану салдарынан бақытсыз” дегенге келетін болсақ, бұл мүлдем дұрыс емес. Адамда өзгеріс аз болады. Психологиялық тұрғыдан отбасынан алшақтыққа дағдыланған ата-анада оқшауланудың салдарынан өзгеріс болуы екіталай.

Адамдардың өзгеруі үшін қандай да бір күйзеліс қажет. Және осындай күйзелістер көбірек кездесуде, оған таласым жоқ. Экономикалық жағдай ересектердің өмірін қиындата түсуде. Бірақ бұл тұрғыда олардың алаңдаушылығы әртүрлі. Кейбіреулер көңіл аудармайды, бірақ көңіл бөлу керек. Мұндай жағдайда балалар жаңа тәжірибеге ашық. Оның ішіне көмек алуға.

Мен ересектерді көмек алуға дайын болуға бағыттайтын едім. Қазір оны интернет арқылы да көрсетеді

Невротикалық бұзылулардың пайда болуының алдын-алу, шын мәнінде, адамдарға өздері ойлағаннан әлдеқайда көбірек қажет.

Алайда, өмір сапасының өзгеруіне, бейімделу мүмкіндіктерінің жойылуына әкелетін күйзелістер орын алған кезде, оны шешу мүмкін болмаған кезде, жалпы кеңестер көмектеспейді. Ересек адам көмек алуға дайын болуы керек.

Өкінішке орай, бізде барлығы кардиологқа, көз дәрігеріне және тіпті проктологқа баруға дайын. Психологқа немесе психиатрға бару, керісінше, әлі күнге дейін ыңғайсыз, қалыпты емес және аса қажет емес нәрсе болып саналады

Адамдар оны өздігінен емделетін тәрізді көреді. Шын мәнінде, жүйке жүйесі ас қорыту, эндокриндік немесе жүрек-тамыр жүйесі сияқты. Бұзылған жағдайда оны мамандар емдеуі керек. Өкінішке орай, өзін-өзі емдеу арқылы адамдар көздеген нәтижелеріне қол жеткізе алмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз