Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бала туу мен кедейлік деңгейі бойынша көшбасшы – Түркістанның экономикалық портреті

178

2018 жылы Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды. Облыс Түркістан деп аталды, ал Түркістан қаласы облыс орталығы болды.

Шымкент қаласын шығару есебінен облыс халқы санының жасанды төмендеуіне қарамастан, өңір демографиялық көрсеткіштер — туу деңгейі және халықтың табиғи өсімі бойынша көшбасшы болып қалуда.

Бала мен кедейлер көп

Ресми мәліметтер бойынша, облыста ай сайын алты мыңға жуық бала дүниеге келеді (тәулігіне 200-ге жуық).

Сонымен қатар, мұнда кедейлердің саны өте көп. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың көрсеткіші 9,8%-ды құрайды. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Салыстырып көрейік, екінші орында Маңғыстау облысы орналасқан – 5,8%.

Шымкент қаласын жеке шығару есебінен облыс халқы санының жасанды төмендетілуіне қарамастан, өңір демографиялық көрсеткіштер — бала туу деңгейі және халықтың табиғи өсімі бойынша көшбасшы болып қалуда.

Бұл ретте

республикадағы кедейлердің жалпы санына қарағанда өңірдегі кедейлер үлесінің көрсеткіші ел бойынша ең жоғары – 26,6%

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылдың ІІІ тоқсанында 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 827,5 мың адамды құрады. Облыс экономикасында 784,5 мың адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 74%-ы жұмыспен қамтылған.

Түркістан облысының ішкі өңірлік өнімі 2019 жылы 718 млрд теңгені құрады (елдің ЖӨӨ-дегі облыстың ЖӨӨ үлесі – 2,6%). Қазақстан өңірлерінің арасында ЖӨӨ көлемі бойынша Түркістан облысы 17-орында тұр.

2025 жылға дейінгі экономикалық өсімнің негізгі драйвері ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу болып белгіленді. Бұдан басқа, өңір билігі сауықтыру, тау шаңғысы және тарихи-мәдени туризмді дамытуға ден қоюда. Өңір – республикадағы индустриялық аймақтар саны бойынша көшбасшы. Тоғыз аймақта 69 кәсіпорын орналасқан.

Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп

Өңірде мақта, жүгері, темекі, күнбағыс, жемістер мен көкөністер өсіріледі (мақтаның, астықтың, көкөністер мен бақша дақылдарының үлес салмағы 54,3%-ды құрайды). Былғары шикізаты мен қаракөл өндіріледі (ауыл шаруашылығының жиынтық өнімінің 45,7%-ы мал шаруашылығының үлесіне келеді).

Сонымен қатар, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, экскаваторлар, қуат трансформаторлары, май ажыратқыштары, сондай-ақ жиһаз, шұлық және тігін өнімдері өндіріледі.

Экспорттық жеткізілімдер әлемнің 47 елінде жүзеге асырылады. Облыс импортты 87 елден алады.

Өңірде Қазақстанның өнеркәсіп өнімі көлемінің 2%-ға жуығын өндіретін 182 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді.
2020 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 99,7%-ды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 89,2%. Бұл уран өндірудің 10,1%-ға және тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызметтер көрсету көлемінің 49,4%-ға төмендеуіне байланысты.

Өңдеу өнеркәсібіндегі көлем 10,1%-ға ұлғайды. Тоқыма бұйымдары (163,6%), мұнай өңдеу өнімдері, шымтезек пен көмір брикеттері (135,3%), резеңке және пластмасса бұйымдары (132,9%), өзге де металл емес минералдық өнімдер (125,1%) және машина жасау бұйымдары (104,7%) өндірісі өсті.

Аймақ пайдалы қазбаларға бай: барит, көмір, темір және полиметалл кендері, бентонит саздары, вермикулит, тальк, әктас, гранит, мәрмәр, гипс, кварц құмдары бар. Уран қоры бойынша Түркістан облысы еліміз бойынша бірінші орында, фосфориттер мен темір кендері бойынша үшінші орында.

Инфрақұрылым

Өңірде жалпы ұзындығы 444,6 км екі бағыттағы темір жол, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары (5,2 мың км), оның ішінде қатты төсемді (5,1 мың км) жолдар бар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км желіде жұмыс істейді.

1 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысында тіркелген шаруашылықтар:

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер-3 731
  • өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен немесе аңшылықпен айналысатын жеке кәсіпкерлер – 7 596
  • шаруа қожалықтары – 73 230
  • үй шаруашылықтары-254 855

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында жалпы облыс бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 635,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 1,8%-ға жоғары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз